БҰҰ не үшін қажет?

Біріккен Ұлттар Ұйымы ауқымды немесе әлемдік деңгейдегі жаңа соғыстарды болдырмау, елдер арасындағы достық қатынасты нығайту, халықаралық шиеленістерді бейбіт жолмен шешу және бірлесіп әрекет ету үшін жаһандық алаң ретінде құрылды.




«БҰҰ адамзатты жұмаққа апару үшін емес, тозақтан құтқару үшін құрылған»

 

Даг Хаммаршельд, БҰҰ екінші бас хатшысы

 


 

Біріккен Ұлттар Ұйымы ауқымды немесе әлемдік деңгейде жаңа соғыстарды болдырмау, елдер арасындағы достық қатынасты нығайту, халықаралық мәселелерді бейбіт жолмен шешу және  бірлесіп әрекет ету үшін жаһандық алаң ретінде құрылды.

 

Бүгінде БҰҰ мына бағыттар бойынша жұмыс атқарып жатыр:

 

— халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

— адам құқығын насихаттау;

— гуманитар көмек;

— денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, әйелдер, балалар, босқындар мен мигранттар құқығын қорғау, мәдениет және білім беру, пошта, азаматтық авиация және метеорология сияқты көптеген саладағы тұрақты даму және халықаралық ынтымақтастық.

 

БҰҰ дүниежүзілік үкімет емес және елдер үкіметінің орнын басу үшін құрылмады. 

 

Қазіргі халықаралық құқыққа сәйкес, егемендіктің иесі — мемлекет. Осылайша мемлекет өз аумағында тұратын адамдардың құқы мен мүддесін қорғауға міндетті. Ал БҰҰ мемлекеттерге мұны жүзеге асыруға көмектеседі.

 

БҰҰ Жарғысының 1-бабында  ұйымның өз мақсаттары көрсетілген:

 

– Халықаралық бейтібітшілік пен қауіпсіздікті сақтау  және осы мақсатта әлемге төнетін қатерлерді болдырмау, агрессия актілерін немесе әлемге төнетін басқа да қауіпті басу мақсатында бірігіп, мәселені бейбіт түрде шешіп, тиісті шаралар жасау.  Әділдік пен халықаралық құқық қағидаттарына сай бейбітшілікті бұзатын халықаралық дауларды немесе мәселелерді бейбіт түрде реттеу немесе шешу;

 

– Халықтардың құқы мен өзін-өзі анықтау принциптерін құрметтей отырып олардың достық қарым-қатынасын нығайту, жаһандық бейбітшілікті нығайту үшін басқа да тиісті шараларды жасау;

 

– Халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру: экономикалық, әлеуметтік, мәдени-гуманитар сипаттағы мәселелерді және адамның құқы, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамай құрметтеуді дамыту;

 

– Мемлекеттерді осы мақсаттарға жету үшін біріктіретін орталық болу.

 

Мемлекеттер не үшін халықаралық ұйымдарға мүше болатынын біздің материалдан оқыңыз.


02/11/2020 10:31 5053 0

02/11/2020
10:31 5053 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление