Польша билігі абортқа тыйым салуды кейінге шегерді
Елде бұл тиымға жаппай наразылық болып жатыр

Фото: thournal.ru
Польша үкіметі соттың абортқа тыйым салу туралы үкімін орындауды кейінге шегерді. Мұны премьер-министр канцеляриясының басшысы Михаил Дворчик айтты деп Новая газета хабарлады.
— Қазір талқылау жүріп жатыр. Осы қиын жағдайда диалогқа уақыт бөліп, жаңа шешім табу қажет, — деген М. Дворчик.
Қазанның соңында Польша Конституциялық соты аборт туралы заңды қатайтып, елде аборт жасауға толықтай тыйым салды. Үкім 2 қарашада өз күшіне енуі керек еді. Бірақ елде жаппай наразылық басталды. 30 қазанда Варшавада 150 мыңдай адам көшеге шыққан.

Пікірлер жоқ.