Полиция дезинфекторларды ұрып-соғуға үндеген Қуат Хамитовті босатты
Бұрын Ішкі істер министрлігі спортшының әрекеті қылмыс екенін хабарлаған еді

Фото: Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желіде халықты күш көрсетуге үндеген файтер Қуат Хамитов босап шықты. Мұны спортшының өзі журналистерге хабарлады.
— Босап шықтым, ешқандай қысым болған жоқ. Кейін толығырақ сұхбат берермін, — деді Хамитов БАҚ өкілдеріне.
Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте Қуат Хамитов әлеуметтік желіде дезинфекторларды ұрып-соғуға, «коронавирус шашып жүрген» тікұшақтарды атуға үгіттеген видеосы үшін Алматы полициясына жеткізілді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабы («жаппай тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа үндеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Ішкі істер министрлігі Хамитовтің әрекеті қылмыс екенін хабарлады.

Пікірлер жоқ.