Петропавлда полицейлер әйелдерді тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қорғау үшін Telegram каналын ашты

Онда полиция қиын жағдайға тап болған әйелдерге өз құқығын қорғауды үйретпек


09/09/2020
10:36 46256 0

Фото: the-village.kz

 

Петропавлда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі «Между нами говоря» телеграм каналын ашқан. Бұны ҚазАқпарат хабарлады

 

Полиция департаментінің хабарлауынша, қызметкерлер каналда әйелдердің құқығы мен қиын жағдайға тап болғанда оларға мемлекет пен қоғамдық ұйымдар қалай жәрдем беретінін жазады. Онда әйелдер аноним хабарламалар да тастай алады. 


Құқық қорғау органдарымен байланысу үшін бірнеше желі құрылған. 102 нөмірінен басқа, сенім телефондары бар: 39–48–56 (Петропавл), 8 (7152) 61–25–30 (Солтүстік Қазақстан облысы), 8 (708) 432–45–61 (WhatsApp-тағы канал), дағдарыс орталығының нөмірлері — 52–98–86 и 8 (777) 278–52–72 (WhatsApp).

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

09/09/2020 10:36
46256 0

Уведомление