Парламент Көкжайлау мен Бурабайды ерекше қорғалатын табиғи аумақ қатарына қайта қосты

Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын қабылдады


17/09/2020
11:54 46646 0

Фото: tengrinews.kz

 

Vласть Парламенттің жоғары палатасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аталатын заңды екінші оқылымда мақұлдады деп хабарлады. Президент қол қойса, Іле Алатауы ұлттық паркі (оған Көкжайлау шатқалы кіреді) мен Бурабай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатарына қайта қосылады.

 

— Заңның басты мақсаты — туризм, ауыл шаруашылығы үшін алынып, бірақ өз мақсатында қолданылмаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақ қатарына қайтару процедурасын жеңілдету, — дейді сенатор Әбдәлі Нұралиев. 

 

Бұрын Алматыда экобелсенділер Көкжайлауда тау шаңғысы курортын салуға қарсы шыққан еді. Содан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жобаға тыйым салды.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

17/09/2020 11:54
46646 0

Уведомление