ОСК тіркелген 6 партияға Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлануға рұқсат берді
Сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді
Фото: informburo.kz
Орталық сайлау комиссиясы ресми тіркелген алты партияға Мәжілісті және мәслихаттарды сайлауға түсуге рұқсат берді. Сайлау 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.
ОСК бұйрығы бойынша сайлауға Nur Otan, «Ауыл», «Ақ жол», «Адал» (5 қарашаға дейін «Бірлік» деп аталып келді) партиялары, Қазақстанның коммунистік партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өз кандидаттарын ұсына алады. Бірақ «Адал» партиясы Шымкент пен Түркістан облысында мәслихатқа сайлана алмайды, себебі онда оның филиалы ашылмаған. Егер ашылса, партия сайлауға түсе алады.
Мәжілісті және мәслихаттарды сайлауда Қазақстан азаматтары тек партияларға дауыс бере алады. Егер партия жеткілікті дауыс жинаса, Мәжіліс пен мәслихаттарда кім отыратынын өзі шешеді. Бұл партиялық тізім бойынша сайлау деп аталады.
Сайлау қарсаңында біз тіркелген партияларды таныстыратын материалдар топтамасын бастадық. Бірінші материалымыз Жалпыұлттық социал-демократиялық партия туралы.
Пікірлер жоқ.