Қорытындыны бұрмалау, коррупция, демократия: Сайлау туралы көркем 5 фильм

Басқа елдерде сайлау қалай өтетінін білейік


08/12/2020
11:58 8451 0

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан азаматтары заң шығарушы орган — парламент пен жергілікті өкілдер органы — мәслихатқа депутаттар сайлайды. 

 

Осыған орай сайлау туралы көркем фильмді бес тізіп шықтық.

 

«ЖОҚ» 

 

1973 жылы генерал Аугусто Пиночет Чили билігін жаулап алады. 15 жылдан кейін дүниежүзі қауымдастығы өз билігін заңдастырсын деп оған қысым көрсетеді. Сонда диктатор «халық менің билікте тағы сегіз жыл қалуыма разы ма, жоқ па» деп өтірік демократиялық референдум өткізбек болады. Өзі жеңіске жететіне сенімді. Дауыс беру демократияға сай өтетін дәлелдемек болған Пиночет оппозиция партияларға теледидардан 15 минуттық үгіт-насихат ролигін көрсетуге рұқсат береді. 

 

Сонда Чилидің оппозиция күштері саясаттан еш хабары жоқ, бұрын азық-түлік пен тұрмыс химиясын жарнамалап келген адамнан көмек сұрайды. 

 

 

«ҚАЙТА САНАУ» 

 

Саяси сатира жанрында түсірілген бұл фильм 2000 жылы АҚШ президентін сайлаудағы дауыстарды қайта-қайта есептеуді бейнелейді. 

 

Тарихтан мағлұмат: сол сайлау тағдырын Флорида штаты шешкен еді. Дәл осы штатта бірінші санау нәтижесі бойынша республикашыл Жорж Буш деморкат А.Горды кішкентай басымдықпен жеңген еді. Алайда жергілікті заңға сәйкес «кішігірім басымдық» дауыстарды қайта санауға негіз бола алады. Сөйтіп бір (!) ай бойы дауыстар қайта-қайта саналып, ақыры президент кім болатын АҚШ-тың Жоғарғы соты шешеді. 

 

 

«КАНДИДАТ» 

 

Фильм ешқашан өтірік айтпайтын америкалық адвокаттың сенатор болу үшін өз қағидаларынан қалай бас тартқанын суреттейді. 

 

 

«ХАРВИ МИЛК» 

 

Бұл фильм өзін гей екенін консерватив қоғамнан жасырмаған алғашқы америкалық саясаткер Харви Милктің өмірі мен сайлаудағы жеңісін баяндайды. 

 

Тарихтан мағлұмат: Сан-Францисконың бақылаушы кеңесіне сайланған Харви тек ЛГБТ-лардың емес, құқығы қорғалмаған басқа топтардың мүддесін қорғаған еді. Ие болған лауазымы кішкентай болса да, оның табандылығының арқасында қала басшылығы ЛГБТ қауымдастығы құқығын қорғайтын заң қабылдады, ал Калифорния штаты гейлер мен лесбияндардан мемлекеттік мектептерде жұмыс істеу құқығын айыратын заң жобасынан бас тарты. 

 

Times журналы Харвиді «ХХ ғасырдың 100 батыры» тізімне қосқан еді. 

 

 

«ҮМІТКЕР»

 

АҚШ-тың ендігі вице-президенті әйел болатынына қазір ешкім таңғалмаса, 2000-жылдары бұл резонанс тудырар еді. 

 

«Үміткер» фильмі де сол резонансты суреттейді. АҚШ президенті, демократ Джексон Ивэнс (ескерту: тарихта мұндай президент болмады) қайтыс болған орынбасарының орнына сенатор Лейн Хәнсонды ұсынады. Республикашыл Шелли Раньен вице-президент лауазымында әйелді көргісі келмегені соншалық — оның өткенін қопарып, ол туралы шын-өтірік аралас өсек тарата бастайды. Енді сенатор тағылған айыптарға төтеп бере ме, әлде қоғамның дегеніне көніп, президент орынбасары болам деген ойынан бас тарта ма?

 

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

08/12/2020 11:58
8451 0

Уведомление