Nur Otan депутаты Бекболат Тілеухан: «Намаз оқығанда қарғыс жолдайтын адамдар тізімім бар»

Мәжілісменнің қарғысына ілінгендер арасында журналистер де бар


24/08/2020
11:37 48862 0

Фото дереккөзі: egemen.kz

 

Әлеуметтік желіде Nur Otan депутаты, мәжілісмен Бекболат Тілеухан өзін сынаған «Хабар» агенттігінің журналисі Серік Боқанға қарғыс айтып, «намаз оқығанда қарғайтын адамдар тізімі бар екенін» хабарлаған аудиосы тарады.

 

«Алла жаныңа паралич берсін, жаныңды күйдірсін, қыссын. Әр намаз оқығанымда сенің жаның күйгенін сұраймын. Сондай тізімде біраз адам бар еді», — деген мәжілісмен.   

 

Серік Боқан Facebook–тегі жазбасында депутатты «пандемия кезінде халыққа көмектеспеді, оралмандарға қол ұшын созбады» деп айыптаған. Қазір пост өшіріп тасталды.

 

Одан кейін журналист Facebook-те «өзін шайтан түрткенін, ұйқысы қашып, жаны қинала бастағанын» жазып, депутаттан кешірім сұрады.

 

Қадірлі Бекболат-аға! Жаздым, жаңылдым! Мен байғұсты құдай ұрып қалды. Кешіре көрші, Бек-аға! Қиналған кезде бәріміз...

Опубликовано Серіком Боқаном Суббота, 22 августа 2020 г.

 

Тілеухан оны кешіріп, қарғысын кері алды. 

 

— Серік бауырым кешірім сұрапты. Наламды қайтарып алдым, — деген.

 

Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ. Ініде ізет, ағада айбын болмаса, елден берекет қашпай ма? Серік бауырым кешірім...

Опубликовано Бекболатом Тілеуханом Суббота, 22 августа 2020 г.

 

 

Серік Боқан депутаттың қарғысына ұшыраған жалғыз журналист емес. Желіде «қарғыс» аудиосы тарағаннан кейін тележурналист Серік Абас-Шах бір жыл бұрын оны мәжілісмен қарғағанын жазды. Тілеухан оған былай деген екен: «Меккеге барғанда саған қарсы дұға оқыдым. Аллах сені тәубеңе келтіріп, аяғыма жықсын деп сұрадым. Көресің, күт енді».

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

24/08/2020 11:37
48862 0

Уведомление