Наразылықтар пандемия кезінде қалай өтіп жатыр?

Митиңдер карантин кезінде де болып жатыр


17/08/2020
13:08 58035 0

Қазір әлемнің басты мәселесі — коронавирус пандемиясымен күресу. Алайда бұл эпидемиядан басқа маңызды проблема жоқ дегенді білдірмейді. Халық нәсілшілдік, жемқорлық, жұмыссыздық, экологияның ластануы секілді мәселелердің шешілуін талап етіп, карантинге қарамастан митиңдерге шығып жатыр.  

 

masa.media коронавирус пандемиясы кезіндегі наразылық акцияларының фото топтамасын жасады.

 


 

ИЗРАИЛЬ

 

----- SLIDER STARTS HERE -----
 
 
 
----- SLIDER ENDS HERE -----

 

Фото дереккөзі: aa.com.tr

 

Ел астанасы Тель-Авивте халық бесінші рет премьер-министр болған Биньямин Нетаньяхудің саясатына қарсы шықты. Олар оның тағы да билікте қалуына наразы.

 

Көптеген БАҚ бұл митиңді коронавирус өршіп тұрғанда митингіге қатысудың үздік үлгісі деп атады. Барлық азаматтар маска тағып, бір-бірінен екі метр алшақ тұрды.

 

ГОНКОНГ

 

----- SLIDER STARTS HERE -----
 
 
 
----- SLIDER ENDS HERE -----
 
Дереккөз: businessinsider.com

 

Гонгконг — Қытайдың ерекше әкімшілік аймағы. Бұл дегеніміз Пекиннің Гонконгтың ішкі істеріне араласа алмайды деген сөз. Жақында аймақ билігі ұлттық қауіпсіздіке қатысты жаңа заңды қабылдады. Ол бойынша, енді аймақта Қытайдың кейбір заңы күшіне енеді. Ол бойынша, Гонконгта сеператизм мен бүлікке тыйым салынады. Бұған Гонконг тұрғындары наразы. 

 

Жалпы қалада Қытайға қарсы митингілер былтыр басталды. Ол кезде Гонконг құрлықтағы Қытай мен Тайваньға қылмыскерлерді беру туралы заң қабылдағысы келген. Халық бұл Гонконгтың автономиясын бұзады деп есептеді. Кейін биліктің заң жобасынан бас тартуына тура келді.

 

ЛИВАН

 

----- SLIDER STARTS HERE -----
 
 
 
----- SLIDER ENDS HERE -----

 

Дереккөз: gazeta.ru

 

Астанасы Бейрутта теңіз жағалауындағы жарылыстан кейін халық үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Митингіге 7 мыңнан адам қатысты, 100-ден астам адам жарақаттанды. Нәтижесінде үкімет тарқатылды. 

 

Ливанда бұған дейін карантинде наразылықтар болған еді. Онда азаматтар елдегі жұмыссыздық пен валютаның құнсыздануна қарсы шықты.

 

ГЕРМАНИЯ

 

----- SLIDER STARTS HERE -----
 
 
 
----- SLIDER ENDS HERE -----
Дереккөз: The Associated Press

 

FridaysForFuture биліктен климаттың өзгеруін алдын алуын талап ететін халықаралық оқушылар мен студенттер қозғалысы. 

 

Бұл жолы неміс экобелсенділері карантинге байланысты жинала алмады. Есесіне Бундестаг (парламент) ғимаратының алдындағы алаңға плакаттар жайып қойды. Онда «Әр дағдарыспен күресеміз!» деп жазылған. Ал қараңғы батқанда жастар жарық сәулесі арқылы бұрыңғы наразылық акцияларының суреттерін көрсетті. 

 

ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ

 

----- SLIDER STARTS HERE -----
 
 
 
----- SLIDER ENDS HERE -----

Дереккөз: sputnik.kg

 

Маусымда Қырғыстан халқы «Ақпаратты манипуляциялау» туралы заңға қарсы шықты. Бұл заң күшіне енсе, құзыретті мемлекеттік орган «жалған ақпарат таратты» деген сайтты сотсыз жауып тастай алады. Кейін ел президенті Соорбай Жээбэков заң жобасын парламентке түзетуге қайтарып берді.

 

Әр түрлі мәліметтер бойынша, оған 1 мыңнан астам адам жиналған. Барлық наразы маска тағып, бір-бірінен алшақ тұруға тырысты. 

 

АҚШ ЖӘНЕ ӘЛЕМ

 

----- SLIDER STARTS HERE -----
 
 
 
----- SLIDER ENDS HERE -----
Дереккөз: theatlantic.com

 

Мамыр-маусым айларында АҚШ пен әлемнің басқа елдерінде халық нәсілшідік пен полиция зорлық-зомбылығына қарсы бейбіт шерулерге шықты. Оған себеп — афроамерикалық Джордж Флойдтың полиция бірнеше минут қылғындырып ұстағанының нәтижесінде қаза табуы.

 

Кейін бірнеше штат тәртіп сақшыларына қылғындыру тәсілін қолдануға тыйым салды. 

 

БЕЛАРУСЬ

 

----- SLIDER STARTS HERE -----
 
 
 
----- SLIDER ENDS HERE -----
Дереккөз: tut.by

 

9 тамызда елде президентті сайлау өтті. Ресми дерек бойынша, 26 жыл бойы ел билеген Александр Лукашенко дауыстардың 80 %-ын, оның басты қарсыласы Светлана Тихановская шамамен 10 %-ын жинаған. Сайлаушылар қорытындымен келіспей, жаппай митиңдерге шығып жатыр. Полиция оларды тарқату үшін жас ағызатын газ, граната қолданып, су шашып жатыр. Кейбір наразыға резеңке оқ атқан. Ресми деректер бойынша, 6 мыңдай адам ұсталып, кем дегенде бір адам қаза тапты. Қамаудан шыққандар милициядан жәбір көргендерін айтып жатыр.

 

Әр түрлі мәліметтер бойынша, 16 тамызда ел астанасы Минскте 200 мыңнан астам адам митиңге шыққан. БАҚ-тардың сөзінше, бұл Беларусь тарихындағы ең үлкен наразылық акциясы.

 

 

РЕСЕЙ

 

----- SLIDER STARTS HERE -----
 
 
 
----- SLIDER ENDS HERE -----
Дереккөз: kommersant.ru

 

Шілденің басында Ресейде Конституцияға бірнеше өзгеріс енгізілді. Ең басты өзгеріс  елді 20 жыл бойы басқарып отырған президент Путин тағы екі рет президентті сайлауға түсе алады. 

 

Мәскеу және Санкт-Петербургте 500-ден астам адам бұған қарсы шығып, басты заңның өзгертпеуін талап етіп, қол жинады. Ресми мәлімет бойынша, Мәскеуде полиция 132 адамды ұстап әкетті. 

 

----- SLIDER STARTS HERE -----
 
 
 
----- SLIDER ENDS HERE -----
Дереккөз: rbc.ru

 

Елдің шығысында орналасқан Хабаровск аймағында тұрғындар өңір губернаторы Сергей Фургалдың тұтқындалғанына қарсы шығып жатыр. Әр түрлі есеп бойынша, аймақ басшысын қолдап, оның бостылуын талап еткендер саны бес мыңнан 85 мыңға дейін барады

 

Губернаторға 2004-2005 жылы жергілікті кәсіпкерлерді өлтірді деген айып тағылды. 

 

 

ҚАЗАҚСТАН

 
----- SLIDER STARTS HERE -----
 
 
 
----- SLIDER ENDS HERE -----
Дереккөз: vlast.kz

 

6 маусымда Алматыда тіркелмеген Демократиялық партия мен сот экстремистік деп таныған Қазақстан Демократиялық таңдауы (ҚДТ) митиңге шықты

 

Демпартия жақтастары биліктен қазақстандықтардың несие қарыздарын бір рет жоюды, шет елге жер сатпауға және саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Ал ҚТД «Назарбаевтың биліктен кетуі, саяси тұтқындарды босату, әр қазақстандыққа 50 мың теңге беру керек» деді. 

 

Дәл сол күні полиция митинг орнына (Абай ескерткіші) апарар жолды жауып тастап, жиналған халықты біртіндеп полиция бөлімшесіне алып кетті. Алты полицейге күш көрсетті деген желеумен белсенді Ася Төлесованы да қамап тастады.

 

Кейін Демпартия жетекшісі Жанболат Мамай Алматыда бір адамдық пикет өткізді. Онда ол митиңдегі талаптарды қойды.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

17/08/2020 13:08
58035 0

Уведомление