Коронавирус жұқтырған 8,5 мың медициналық қызметкердің 500-і өтемақы алды
Олардың әрқайсысына 2 миллион теңге төленген
Фото дереккөзі: eadaily.com
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 500 медициналық қызметкер 2 миллион теңге көлемінде өтемақы алған. Бұны ҚР Бас санитария дәрігері Айжан Есмагамбетова 14 тамызда брифиңде айтты деп Vlast.kz хабарлады.
— Осы күнге дейін 500 медқызметкер өтемақы алды. Әрқайсына 2 миллион теңге берілді. Комиссияның жұмысы тұрақты. Құжаттар қаралуда, — деген Есмағамбетова.
Оның айтуынша, өтемақы денсаулық сақтау министрі мен еңбек және әлеуметті қорғау министрінің бірігіп берген бұйрығында көрсетілген тәртіп бойынша беріледі. Қызметкерлердің тізімін аймақтық комиссиялар жасайды.
Есмағамбетова қанша медициналық қызметкерге өтемақы берілмегенін айтпады. Ол ақпаратты кейін бермек. Денсаулық министрліктің 3 тамызда хабарлағанындай, елде коронивирус жұқтырған медиктер саны — 8 518.
Пікірлер жоқ.