Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған үш қалада ресейлік мектептер ашылады

Қазақстанның үш қаласында ресейлік мектептер ашылмақ, деп хабарлайды Masa media.


16/02/2026
12:51 76 0

фото: Оқу-ағарту министрлігі

 

Қазақ балалары орыс тілін тереңдетіп оқиды

 

РФ Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Ресей мен Қазақстанның бірлескен мектептері оңтүстіктегі үш қала – Қызылорда, Тараз және Түркістанда ашылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа білім ордалары «Сириустың» тәжірибесіне негізделеді және онда орыс тілі, математика және жаратылыстану ғылымдары тереңдетіліп оқытылады. Мектеп түлектері Қазақстандағы Ресей жоғары оқу орындарының филиалдарына түсе алады.

–  «Сириустың» табысты тәжірибесі басқа да білім беру бастамаларын, ең алдымен президенттеріміздің Қазақстан мен Ресей қалаларында бірлескен мектептер салу туралы уағдаластығын іске асыру үшін темірқазық болады деп үміттенемін. Қазақстанға келетін болсақ, біз Қызылорда, Тараз және Түркістан қалалары туралы айтып отырмыз, – деді дипломат ТАСС-қа берген сұхбатында.

Путиннің сапары 

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ресей елшісі Путиннің Қазақстанға қашан келетінін айтқан.

 

Алексей Бородавкиннің айтуынша, РФ басшысы Астанаға мамыр айында келеді. Сапар нақты қай күнге белгіленетінін екі тарап талқылап жатыр. Елшінің мәлімдеуінше, Путиннің Қазақстанға сапары екі ел қарым-қатынасы тарихындағы «ең жарқын беттерінің біріне айналады».

 

Владимир Путиннің Қазақстанға соңғы сапары 2024 жылғы қарашада өткен. Сол кезде Астана Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының саммитін қабылдаған. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы рет Мәскеуге 2025 жылғы қарашада барды. 

 

 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

16/02/2026 12:51
76 0

Уведомление