Путиннің Қазақстанға қашан келетіні айтылды
Ресейлік басылымдар Владимир Путиннің Қазақстанға шамамен қай уақытта келетіні жайлы жазды.
Келіссөздер
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің айтуынша, Путин Астанаға мамыр айында келеді. Сапар нақты қай күнге белгіленетінін екі тарап талқылап жатыр.
«Жыл сайынғы осындай сапарлар дағдыға айналды. Қазір сапар күні мен келіссөздер мазмұнын анықтап жатырмыз», – дейді Бородавкин ТАСС агенттігіне.
Елшінің мәлімдеуінше, Путиннің Қазақстанға сапары екі ел қарым-қатынасы тарихындағы «ең жарқын беттерінің біріне айналады».
2026 жылғы мамырдың аяғында Астанада Еуразия экономикалық кеңесі Жоғары жиынының отырысы өтеді. Оған мемлекет басшылары да қатысады. Болжам бойынша Путин осы жиынға келуі мүмкін.
Президенттердің бұған дейінгі сапарлары
Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы рет Мәскеуге 2025 жылғы қарашада барды. Ал Владимир Путиннің Қазақстанға соңғы сапары 2024 жылғы қарашада өткен. Сол кезде Астана Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының саммитін қабылдаған.
11:22
77
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.