Қазақстандықтар Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне өтінішітерін енді WhatsApp арқылы жібере алады
Бұрын ол талап-арыздарды тек сенім телефоны мен egov.kz порталы арқылы қабылдайтын

Фото дереккөзі: tengrinews.kz
Қазақстан азаматтары енді өтініш-арыздарын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) WhatsApp мессенджері арқылы жібере алатын болды деп хабарлады ҚазАқпарат.
Бұл үшін 8 (776) 677–80–77 нөміріне хабарлама немесе медиафайл жіберу жеткілікті. Қазақстандықтар жауапты сонда алады.
ҚАЖК басшысы Жанат Ешмағамбетовтың айтуынша, бұрын комитетке арыздар тек egov.kz cайтында, сенім телефоны арқылы түсетін еді.
— Енді осындай байланыс бас бостандығынан айыру орындарында отырғандардың құқығының қорғалуы мен сақталуын қамтамасыз ету тәртібін жетілдіруге мүмкіндік береді. Ешкім жауапсыз қалмайды, — дейді ол.
ҚАЖК қылмыскерлердің түрмеде жазасын дұрыс өтеуін қадағалап, олардың жағдайына, құқықтарын қорғауға жауапты.

Пікірлер жоқ.