Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі қайтадан құрылды

Бұрын министрліктің жұмысы 2014 жылы тоқтатылған еді


10/09/2020
12:51 46820 0

Фото: times.kz

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұны Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

 

Жаңа министрлікке ішкі істер, индустрия және инфрақұрылым, ұлттық экономика министрлігінің өкілеттері өтті. Олар:

 

  • табиғи, азаматтық қорғаныстағы (халықты қорғау), өрттен болған төтенше жағдайларды болдырмау;
  • өнеркәсіптегі қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру;
  • материалдық резервті қалыптастыру және дамыту. 

Министрлікте кім жұмыс істейтінін үкімет президент әкімшілігімен келісіп бір ай ішінде шешеді. 

 

Бұрын осы министрлік 2014 жылы жойылып, өкілеттері ішкі істер министрлігіне өткен еді. 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

10/09/2020 12:51
46820 0

Уведомление