Қазақстанда сенаторларды сайлау өтіп жатыр
Үміткерлер саны — 46

Фото дереккөзі: inform.kz
12 тамызда Қазақстанда Парламент Сенатына депутаттарды сайлау өтіп жатыр. Бұны «ҚазИнформ» хабарлады.
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сайлауға 46 үміткер қатысып жатыр. Ал оларды таңдайтын мәслихат депутаттар саны — 3 069. Сайлау бүгін аяқталады.
Биыл сайлауды он халықаралық бақылаушы және 143 шетелдік БАҚ өкілі онлайн бақылайды.
Біз мында парламенттің не екенін (Сенат — соның жоғарғы палатасы), атқарар функциясы қандай екенін жаздық. Ал мында «Сенат сайлауы қалай өтеді» деген сұраққа жауап бердік.

Пікірлер жоқ.