Қазақстанда депутатқа тікелей хат жолдауға болатын сайт іске қосылды
Онда Мәжіліс және облыстық мәслихаттар депутаттарына сауал қоюға болады
salemdeputat.kz сайтынан скриншот
«Zertteu Research Іnstitute» қоғамдық қоры Мәжіліс және облыстық мәслихаттар депутаттарына сауал жолдауға болатын salemdeputat.kz сайтын іске қосты.
Сайт арқылы азаматтар депутаттарға мемлекет, облыс, қала не аудан бюджеті, денсаулық сақтау не қаланы абаттандыру туралы сұрақтар қоя алады.
Ол үшін:
- тізімде тұрған ашықхаттардың бірін таңдайсыз;
- онда депутаттың аты-жөні мен сауалды толық жазасыз;
- тізімде өкілдер органы (мысалы, Алматы мәслихаты) мен депутатты таңдайсыз.
- өз аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз бен электрон пошта мекенжайын көрсетесіз.
Депутат сауалыңызды электрон пошта арқылы алады. Сайт авторларының бірі, сарапшы Алтынай Нүркееваның айтуынша, қор барлық облыстық мәслихаттан депутаттардың электрон пошта мекенжайын беруін сұраған екен. Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының мәслихаты бұл — азаматтың жеке дерегі деп, беруден бас тартқан.
Пікірлер жоқ.