Алматы әкімдігі Демпартияға митиң өткізуге рұқсат берді
Онда белсенділер несиелердің кешірілуі мен жердің шетелге сатылмауын талап етпек
Фото: fergana.ru
Алматы әкімдігі тіркелмеген Демократиялық партияға митиңге шығуға рұқсат берді. Онда азаматтар жердің шетелдіктерге сатылуы мен несиеге рақымшылық жасалуын талап етпек. Бұны құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина өз Facebook парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, бейбіт жиналыс 13 қыркүйекте, сағат 11:00–14:00 аралығында өтеді. Өтетін жері — Шоқан Уәлиханов атындағы алаң (Ғылым академиясының алдында). Оған кез келген адам қатыса алады.
Әкімдік өз хатында митиңге қатысушылар арақашықты ұстанып, маска тағуға тиіс екенін айтып, «азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген» жағдайда жиналыс тоқтатылатынын ескертті.
Биыл Қазақстанда бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң өз күшіне енді. Билік заң «халықаралық құқыққа сай» дейді. Бірақ бұнымен құқық қорғаушылар келіспейді. Неге екенін мына жерден оқыңыз.
Пікірлер жоқ.