Қалай ерікті болуға болады?

Еріктіліктің мәні неде, оны қалай бастау керек, кімге көмек қажет


04/08/2020
13:50 76434 0

 


 

Қазақстанда 2020 жыл — еріктілер жылы. Адамдарға тұрақты және ақысыз көмек беру әрдайым өзекті болып келді. Қазір коронавирус пандемиясы кезінде еріктіліктің маңызы одан сайын артты, себебі азаматтар бірігіп, үкіметтің қолынан келмеген мәселелерді шешіп жатыр.

 

Қалай ерікті болуға болады, қалай бастау керек, қай ұйымды таңдап, кімге жәрдем беру қажет? Еріктілік ісі туралы жиі қойылатын сұрақтарға Қазақстанның жастар ақпарат қызметінің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ирина Медникова жауап береді.

 

Ирина Медникова

 

ЕРІКТІ ДЕГЕН КІМ?

 

Ерікті — мұқтаж адамдарға ақысыз көметесетін, ұйымдардың жұмысын тегін және ерікті түрде орындауға келісетін адам. 

 

Кез келген ересек адам және бала (ата-анасының рұқсатымен) ерікті бола алады. 

 

ЕРІКТІЛІКТІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

 

Қайырымдылық — бір мәселені шешу үшін ақша немесе басқа материалдық ресурстарды тегін беру.

 

Еріктілік — ол материалдық ғана емес, неше түрлі ресурстар арқылы жәрдемесу уақыт арнап, физикалық көмек беру, моральдық қолдау, өнімдер, тауарлар мен қызметтерді тегін тарату.

 

НЕДЕН БАСТАУ ҚАЖЕТ?

 

Алдымен еріктілікпен не үшін және не себепті айналысқыңыз келетіңізді айқындап алыңыз. Бұл еріктілікті ұйымдастырушылармен тілдесуге, сіз қамқор болатын адамдармен жұмыс істеуге және кез келген жағдайда көмектеседі. 

 

Еріктілер ұйымдары мен топтарына қосылам десеңіз, олардың бағыты мен бағдарларламарын қарап шығыңыз. Мақсаты қандай, қандай құндылықтарды насихаттайды, кімге және қалай көмектесетінін біліңіз: ұйымдарға, әлеуметтік топтарға, жеке отбасыларға, адамдар мен жануарларға ма.

 

Сонымен қатар жұмыстың қалай ұйымдастырылғанына қараңыз: үйлестірушілер қалай жұмыс істейді, адамдардың неге мұқтаж екені қалай анықталады? Ұйым қаржыны қайдан және қалай жинап, бөледі? Сіз баратын ұйым ашық әрі адал жұмыс істеуі тиіс. Әр тиын өз мақсатында қолданылуы керек. Көшбасшы немесе көшбасшыларға қараңыз. Олар — қандай адамдар, құндылықтары қандай? 

 

 

Ал егер ұйымға бармай, ерікті бола алам десеңіз, айналаңызға қараңыз. Сіздің қалаңызда, ауданыңызда, ауылыңызда көмекке мұқтаждарды табуға тырысыңыз. Тапсаңыз, оларға көмекті ұйымдастырып көріңіз.

 

Егер жәрдемге ақша жинасаңыз, өте сақ болыңыз: оны өз қаражатыңызбен араластырмай, жеке шотқа жинап қойыңыз. Кіріс-шығыс есебін жүргізіңіз, ашықтық үшін барлық чекті жинап, әлеуметтік желіде үнемі жариялап отырыңыз, қаражатты ұрлатып алмаңыз.

 

ЕРІКТІЛІКТІҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР?

 

Әлеуметтік еріктілік — мұқтаж адамдарға — жалғыз басты қарт адамдарға, жетім балаларға, мүгедекттігі барларға, тұратын жері жоқтарға, қиын жағдайға, қандай да бір қудалауға, алалауға, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, түрмеге қамалғандар мен үйсіз жануарларға және т.б. — көмек. Бұған қан тапсыру, ауыр науқастарға ота жасау мен емдеу үшін қаражат жинау да кіреді.

 

 

Іс-шаралардағы еріктілік — спорттық, мәдени, ғылыми, түрлі университеттегі, қоғамдық және мемлекеттік іс-шараларда (Азиада, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, ЭКСПО) тегін жұмыс істеу.

 

Эко еріктілік — қоғамға қоршаған ортаны қорғауға көмектесу. Қоқыстарды жинап, кәдеге жарату, өзендерді, демалыс орындарын тазарту, ағаштарды ақтау, саябақтарды заңсыз алып тастаудан қорғау, қала аумақтары мен тау алқаптарың заңсыз құрылыстардан қорғау. 

 

Корпоративтік еріктілік — коммерциялық, қоғамдық, халықаралық ұйымдарда тегін жұмыс істеу. Адамдар коммерциялық секторда тәжірибе жинау және манбасын өсіру үшін, гуманитар көмек беретін ұйымдарда  олардың жәрдеміне мұқтаж жандарға көмектесу үшін ерікті болады.  Мысалы, қоғамдық ұйымда жастарға бейресми білім алуға көмектесуге немесе БҰҰ кеңсесінде жұмыс істеп, мигранттарға, босқындарға және басқа да адамдар топтарына көмек беруге болады.

 

Азаматтық еріктілік және саяси белсенділік — қоғамдық, азаматтық қозғалыстарды, саяси бастамалар мен көшбасшыларды қолдау, құқық қорғау үшін акциялар мен кампаниялар өткізу, қол жинап, оны үкіметке жеткізу, бейбіт жиналысқа қатысу. Бұған сайлауды бақылау да кіреді. Мысалы, 2018 жылғы сайлау кезінде Ресейде Алексей Навальныйдың штаб пәтерінінде 200 мыңға жуық ерікті жұмыс істеді. 

 

Еріктіліктің басқа түрлері де бар — олар ситуацияға байланысты түр-түрге бөлінеді. "Техникалық" еріктілік деген де бар. Ондайда еріктілер интернетте немесе өмірде қол жинап, ұрандатып массовкаға қатысады. 

 

Сұрақ қоюдан жалықпаңыз — қол қойып, стадионда жалау желбіретудің мәні неде? Бұның қоғамға берер пайдасы қандай?

 

Осыларды ұйымдастырушылардан сұраңыз.  Жалпы сіз өзі бұл еріктіліктің пайдасы бар деп ойлайсыз ба? Құндылықтарыңызға қайшы келмей ме? Келмесе, мұндай ерікті болмаңыз. Тек өз пайдасын ойлайтын ұйымдарға тегін жұмыс істемеңіз. 

 

ҚАЙ САЛАДА ЕРІКТІЛЕР КӨП, АЛ ҚАЙСЫНДА ЖЕТІСПЕЙДІ?

 

Қазақстанда ең жақсы әлеуметтік еріктілік дамыған. Оған себеп — біздің әлі дамушы ел болғандығымыз және мемлекет жамап үлгермей немесе сыбайлас жемқорлық жамауға мүмкіндік бермей жатқан әлеуметтік-экономикалық салада тесіктер әлі деп көп болғандығы шығар.

 

Іс-шаралардағы еріктілік те дамыған. Университеттер, спорт қауымдастықтары, мемлекет — барлығына тегін көмек керек, ал жастар үлкен іс-шараларға қатысып, құрдастарымен жиі араласқанды ұнатады.

 

 

Әзірге танымал емес еріктілік түрі — азаматтық еріктілік және саяси белсенділік. Менің ойымша, қоғам оның барын да білмейді. 

 

ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА ЕРІКТІЛІК ЖАЙЛЫ НЕ АЙТЫЛҒАН?

 

2016 жылы Қазақстанда «Еріктілік қызметі туралы» заң қабылданды. Еріктімін немесе боламын дегендерге оны оқуға кеңес беремін.

 

Мен еріктілік саласына заң қажет емес деп ойлаймын. Егер бұл салада біреу біреудің құқығын бұзса, оны реттейтін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық кодекстер бар.

 

Бұл заңда көбіне бізге онсыз да белгілі нәрселер айтылса да, онда мемлекет еріктілерге бірнеше тыйым салады. 

 

Мысалы, мемлекет еріктілікті сипаттағанда әлеуметтік салаға баса назар аударып, саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қолдауға бағытталған еріктілік қызметіне тыйым салады.

 

Менің ойымша, бұл заң осы тыйымдар үшін жасалған. Бірақ адамдар азаматтық ерікті және саяси белсенді болудың заңды екенін білуі керек. Еріктіліктің бұл түрі — адам құқықтары мен әділдік үшін өте маңызды сала.  

 

Мен ұсынатын ұйымдар тізімі:

 

  1. Экология: AUA Group, Көк-Жайлауды сақтаймыз, Зеленое спасение;
  2. Зейнеткерлер: Әртоқымда сүйіспеншілікпен;
  3. Балалар: 28 тоқым;
  4. Саясат: Оян, Казақстан;
  5. Азаматтық белсенділік: Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі.

 

masa.media ұсыныстары:

 

  1. ЮНИСЕФ еріктілік бағдарламалары;
  2. Қызыл ай;
  3. Құтқарушы еріктілер корпусы;
  4. Ақ Бим;
  5. Котопес;
  6. AIESE еріктілік бағдарламасы;
  7. SOS командасы;
  8. SVET қоғамдық қоры.

 

Qazvolunteer.kz сайтында да ұйымдар мен жобаларды таба аласыз.

 


 

Иллюстрация: Анар Бакенова, фото спикердің мұрағатынан алынды. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

04/08/2020 13:50
76434 0

Уведомление