Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова Тоқаевтан әйел мен ердің еңбектегі құқығын теңестіруді сұрады

Ол мемлекет басшына хат жолдады


06/08/2020
13:10 45575 0

Фото дереккөзі: Хабар 24

 

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еңбек кодексінен ауыр, қауіпті жұмыста әйелдердің еңбегін қолданбау туралы норманы алып тастауды ұсынып, хат жолдады. 

 

Кодекстің 26-бабы бойынша, жұмыс беруші әйелді оған ауыр, қауіпті болады деген жұмысқа алмауға хақы бар. Мұндай шектеу ерлерге жоқ. Омбудсменнің ойынша, бұл — әйелді жынысына қарап алалау. 

 

— Жұмыс беруші әлеуетті қызметкердің жынысына емес, оның кәсіби қабілеті мен денсаулығына мән беруі тиіс, — дейді уәкіл. 

 

Сонымен қатар Э. Азимова әйелдерге тыйым салынған жұмыстар тізімін жоюды сұрады. Онда қазақстандық әйелдер істей алмайтын 213 жұмыс көрсетілген. 

 

— БҰҰ әйелді кемсітудің барлық түрін жою жөніндегі комитетін Қазақстан бұл тізімді жоюға кеңес берді. Бұл ұсыныс Конституциясының 14-бабының 2 тармақшасы мен «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері» туралы заңға сай келеді, — дейді омбудсмен. 

 

Дүниежүзілік Банк «Әйелдер, бизнес және заң» атты 2019 жылғы баяндамасында Қазақстанды әйелдің еңбек етуін шектейтін мемлекеттер қатарына жатқызып, 100-ден 72,5 ұпай берді. 

 

masa.media осы бап пен тізім туралы толығырақ жазды. Оны мына жерден оқи аласыз.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

06/08/2020 13:10
45575 0

Уведомление