899 медқызметкер коронавирус жұқтырғаны үшін 2 миллион теңгеден алды
Елде барлығы 8,5 мың медицина маманынан COVID-19 анықталған

Фото: ҚазАқпарат
Жұмыста коронавирус жұқтырған 899 медицина қызметкері 2 миллион теңге өтемақы алды. Бұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
— Коронавируспен күрес кезінде COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 899 медицина қызметкері бір реттік өтемақы алды. Сонымен қатар ол вирустан көз жұмған үш медқызметкердің отбасына берілді, — делінген министрліктің сайтында.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыста коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері 2 миллион, ал аурудан көз жұмғандардың отбасыcы 10 миллион теңгеден алады.
3 тамызда денсаулық сақтау министрлігі пандемия кезінде 8 518 медқызметкер вирус жұқтырғанын хабарлады.

Пікірлер жоқ.