28 қарашада Алматыда адам құқықтарын талқылау сабағы өтеді
Қатысу тегін
Фото: liberties.eu
28 қарашада сағат 16:00–21:00 аралығында Алматыда Human rights talks адам құқықтарын талқылау сабағы өтеді.
Шараны «Еркіндік қанаты» қоғамдық қоры Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық күніне орай ұйымдастырып жатыр.
Талқылау сабағында құқықтанушылар мен сарапшылар пандемия кезіндегі адам құқықтары туралы сөз қозғамақ. Сабақ офлайн өтеді.
Қатысу үшін мына жердегі сауалнаманы толтыру керек. Іріктелген қатысушыларға ұйымдастырушылар өзі хабарласады. Қатысу тегін.
Пікірлер жоқ.