14 қарашада Алматыда адам құқықтарына кіріспе сабақ өтеді
Сарапшылар адам құқығы не екенін, оның тарихы мен өз құқыңызды қорғау тәсілдерін айтып береді
Фото: advet.org
Қазақстан жастарының ақпараттық қызметі (ҚЖАҚ) 14 қарашада сағат 14:00–17:00 аралығында адам құқықтарына кіріспе сабақ өткізеді.
Семинарды ҚЖАҚ-тың Петропавлдағы филиалының директоры Рустам Жантасов өткізбек. Онда ол адам құқығы түсінігі, оның тарихы мен құқықты қалай қорғауға болатынын түсіндіреді.
— Біз сабағымызға адам құқықтарын жан-жақты білгісі келетін, адамның қадір-қасиетін басты құндылық деп білетін жандарды шақырамыз. Бізге сарапшылар емес, жаңа нәрсе үйренгісі келетіндер келсін, — дейді семинар авторлары.
Әуелі мына жерде тіркелу керек. Содан соң қатысушының жеке поштасына сабақтың нақты мекенжайы жіберіледі. Барарда маска тағып барыңыз.
Пікірлер жоқ.