Сенат Назарбаевты біршама құқығынан айыру туралы нормаларды мақұлдады

Бірақ заң жобасын Мәжіліске қайтарып берді


27/01/2022
13:15 37058 0

Фото: currenttime.tv

 

Сенат Мәжілістің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты біршама құқығынан айыру туралы нормаларын мақұлдады, бірақ заң жобасына қол қомайды. Құжат Мәжіліске қайтарылды. 

 

Мәжілісмендер бұрынғы президентті Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассемблеясына өмір бойы төраға болу құқығынан айыратын заң шығарған еді. Депутаттар бұл лауазымдар президентке тиесілі болуы керек дейді. 

 

Бұл нормаларды сенаторлар мақұлдады, бірақ тағы бір норма қосқасын заң жобасын төменгі палатаға қайтарып берді.

 

Сенаторлар қосқан нормаға сай, бірінші президент туралы заңнан президент ішкі және сыртқы саясатқа қатысты шешім шығарарда Елбасымен ақылдасуға тиіс деген бап алып тасталады. 

 

Мәжіліс осы өзгерісті мақұлдаса, заңды президентке қол қоюға жібереді. 

 

Әзірге Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциялық кеңестің құрамына кіру әрі парламент пен үкіметте сөз сөйлеу құқығы бар. 

 

Бұрын біз заңның заң жобасынан айырмасы мен Қазақстанда заң қалай жасалатынын айтқан едік. Оқи отырыңыз.

 

Поделиться

Нет комментариев.

27/01/2022 13:15
37058 0

Уведомление