Семейдегі көшеге Назарбаевтың есімі берілді

Енді қала әкімдігі сол көшенің инфрақұрылымын дамытпақ


19/03/2021
13:01 44790 0

Фото: rbc.ru

 

Семейде Қарағайлы ықшам ауданындағы атауы жоқ көшеге бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Мұны «ҚазАқпарат» хабарлады.

 

Мәслихат депутаттары көшеге Назарбаев атын беруді бірауыздан ұйғарған екен. Қала әкімі Нұрымбет Сағтановтың сөзінше, көшенің инфрақұрылымы болашақта дамытылмақ.

 

Болашақта мұз айдыны кешенін, білім және технологиялар трансфері мектебін ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Серуендеу аумақтары, қоғамдық тамақтану орындары, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынбақ. Бұдан бөлек, көшелерді жарықтандыру, орындықтар, қоқыс жәшіктерін және шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған, — деген әкім. 

 

Жақында жергілікті белсенділер «Абай Арена» стадионы мен бір көшені Назарбаевтың атымен атайық деп бастама көтерген еді. Бұған бұрынғы президент қарсы болған.

Поделиться

Нет комментариев.

19/03/2021 13:01
44790 0

Уведомление