Экзитпол қорытындысы шықты. Парламентке үш партия өтті

Nur Otan партиясы көш бастап тұр


11/01/2021
10:09 47436 0

Фото: egov.kz

 

10 қаңтардан 11 қаңтарға қараған түні Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда өткізілген экзитпол қорытындысы шықты. Оған сай парламенттің (заң шығарушы орган — ред.) төменгі палатасына Nur Otan, «Ақ жол» мен Қазақстанның халық партиясы өткен. 

 

Қорытындысы мынадай: 

 

  • Nur Otan — 71,97 %;
  • «Ақ жол» — 10,18 %;
  • Қазақстанның халық партиясы  — 9,03 %;
  • «Ауыл» — 5,75 %.
  • Adal — 3,07 %.

 

Қазақстанда парламентке өту үшін партиялар кемінде 7 % дауыс жинауы керек. Парламент сайлау қалай өтетінін мына жерден толығырақ оқыңыз. 

 

Сайлаудың ресми қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы он күн ішінде шығаруға тиіс. Шындығында экзитпол қорытындысы ресми нәтижемен қабысады.

 

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау 10 қаңтарда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, дауыс беруге сайлаушылардың кемінде 63, 3 %-ы келген. Елде сайлау құқығы бар халық саны — 11 915 903. 

 

Сайлау учаскелері ашылған бойда тәуелсіз бақылаушылар мен журналистер заң бұзылып жатыр деп хабарлады. Кейбірін сайлау комиссиясы «орын жоқ» деп, ал кейбірін коронавирус бар-жоғын анықтайтын тестің қорытындысы жоқ деп шығарып жіберген. 

 

Алматы, Астана (Нұр-Сұлтан), Орал, Ақтөбеде бірнеше топ сайлауға бойкот жариялап, митиңге шықты. Полиция кемінде 100 наразыны ұстап әкетті. Ішкі істер министрлігі «барлығын босаттық» деп хабарлады.

 

Алматыда арнайы жасақ тіркелмеген Демократия партиясы мен Oyan, Qazaqstan қозғалысы белсенділерін бірнеше сағат бойы аязда ұстады. Суықтан кейбір наразының халі нашарлап, оларды жедел жәрдем алып кетті. Арасында журналист, Masa Media негізін салғандардың бірі Әсем Жәпішева бар.

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/01/2021 10:09
47436 0

Уведомление