Бұрын ақталған, «СК-Фармацияның» экс-басшысы Берік Шәріп түрмеге қамалды

Жаза мерзімі — үш жарым жыл


17/09/2021
10:59 40130 0

Фото: vlast.kz

 

16 қыркүйекте Астананың (Нұр-Сұлтан) апелляциялық соты «СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпті ақтау туралы үкімнің күшін жойып, айыпталушыны үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Мұны Vласть хабарлайды.

 

— Берік Шәріпті ақтаған бірінші инстанция сотының үкімінің күші жойылды. Айыпталушы үш жарым жылға бас бостандығынан айырылады, — делінген соттың баспасөз хатында. 

 

Былтыр Берік Шәріп билігін асыра пайдаланған, мұнысы медқызметкерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына себеп болды деп айыпталған еді. 4 тамызда Есіл ауданының соты оны ақтап алды

 

Берік Шәріп кезінде медқызметкерлерге арналған қорғау костюмдерін сатып алудан тендер комиссиясын басқарған еді. Тергеу дерегіне сенсек, ол бірнеше компанияны сайысқа қатыстырмай, Inkar мекемесінен костюмдер сатып алған. Бірақ бұл компания сайыс талаптарына сай болмаған, тапсырысты уақытылы жеткізбеген. 

 

«СҚ-Фармация» — халыққа тегін медкөмек беру үшін дәрілер мен медициналық өнімдерді сатып алу құқығына ие компания.

 


 

Telegram, Instagram, Facebook, Twitter-дегі парақшамызға жазылыңыз. 

 


 

Поделиться

Нет комментариев.

17/09/2021 10:59
40130 0

Уведомление