Бішкекте ЛГБТ мен ҮЕҰ-ға наразылар зорлық-зомбылыққа қарсы митиңге кедергі болды

200 адам ІІМ алдында ұйымдастырылған митиңге бөгет болды


15/04/2021
17:40 43991 0

Фото: azattyq.org

 

Бішкекте ЛГБТ мен үкіметтік емес ұйымдарға қарсы митиңге шыққан 200 адам әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етіп, ІІМ алдына жиналғандарға кедергі болды. 

 

«Медизона Орталық Азия» олар президенттен ҮЕҰ туралы заңды қатаңдатуды талап етіп, феминистер мен ЛГБТ өкілдерін сатанист деп атаған. 

 

15 сәуірде қалада жергілікті феминистер әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етіп екінші митиң өткіземіз деген. Біріншісі сәуірдің 8-і өтті. Оған үш жігіттің Айзада Қанатбекованы алып қашып, өлтіргені түрткі болды. 

 

5 сәуірде үш жігіт Бішкек тұрғыны Айзада Қанатбекованы күштеп көлікке отырғызып, алып қашқан. 7 сәуірде қала сыртынан қыз бен бір жігіттің денесі табылды. Полицияға сенсек, ұрлаған жігіттердің бірі қызды тұншықтырып өлтіріп, өзіне қол салған. 

 

Екі күннен кейін адам ұрлады деген күдікпен төрт адам ұсталды. ІІМ ішкі істер басқармасының бастығы мен 11 қызметкерін жұмыстан босатты.

Поделиться

Нет комментариев.

15/04/2021 17:40
43991 0

Уведомление