Армения премьер-министрі Пашинян сәуірде отставкаға кететінін айтты

Қазір ел халқы оның биліктен кетуін талап етіп жатыр


29/03/2021
11:45 44396 0

Фото: ria.ru

 

Армения премьер-министрі Николь Пашинян сәуірде қызметтен кететінін хабарлады. Бірақ кезектен тыс парламент сайлауға дейін үкімет басшысының міндетін атқарушы болып қалмақ. Мұны «РБК» хабарлады.  

 

Парламентті кезектен тыс сайлау 20 маусымда өтеді. Кейін сайланған депутаттар үкімет басшысын таңдайды.

 

2020 жылғы қарашада Армения Таулы Қарабақтағы атысты қойып, Әзербайжанмен келісімге келгесін, елде Николь Пашинян бастаған үкіметке наразылық күшейді. 

 

Таулы Қарабақтағы қарулы шиеленістің себебі не және оның Арменияға қандай қатысы бар? Біздің материалдан оқыңыз.

 

Поделиться

Нет комментариев.

29/03/2021 11:45
44396 0

Уведомление