«Абырой» қоғамдық бірлестігінің жұмысы тоқтатылмайтын болды
БҚО мемлекеттік кірістер басқармасы өз шешімін алып тастады

Фото: vlast.kz
Батыс Қазақтан облысы мемлекеттік кірістер басқарамасы «Абырой» қоғамдық бірлестігіне айыппұл салу, қызметін үш айға тоқтату туралы шешімін жойды. Мұны ұйымның жетекшісі Лұқпан Ахмедияров Facebook-та хабарлады.
— Жақсы жаңалығым бар. БҚО мемлекеттік кірістер басқармасы негізсіз деп «Абырой» ҚБ-не айыппұл салу және қызметін үш айға тоқтату туралы шешімінің күшін жойды. Әкімшілік іс тоқтатылды. Басқарманың лауазымды тұлғалары жауапқа тартылады, — деп жазды журналист.
3 наурызда басқарма ұйымға 583 мың теңге айыппұл салып, қызметін үш айға тоқтатқан еді.
Биыл Қазақстанда бірнеше үкіметтік емес ұйымға айыппұл салынып, қызметі тоқтатылған. Кейін бұл шешімдер алып тасталды.

Нет комментариев.