Экономикалық құқық

Адам құқығының бір түрі. Онсыз адам табыс таба, кәсіппен айналыса, бір нәрсе сатып ала алмайды. 




Эконимикалық, әлеуметтік және мәдени құқық туралы халықаралық пактіге сай, экомикалық құқық деген: 


— жеке меншік (жер, баспана, интеллект өнімі) иесі болу;


— мұрагер болу;


— кәсіп қылу;


— жұмыс орнын таңдау;


— лайықты жалақы алу, ереуілге шығу, жұмыс берушінің үстінен шағымдану құқығы


Бұл құжатқа қол қойып, бекіткен ел азаматтарының осы құқықтарын қорғауға тиіс. Оған Қазақстан да қол қойып, ратификациялады. Мұндай халықаралық құжаттарға неге қосылу керегін мына жерден толығырақ оқыңыз. 


Конституцияда әркім қай жерде жұмыс істейтінін еркін таңдай алады делінген. Бірақ елімізде әйелдер істей алмайтын жұмыс түрлері бар. Себебі оларға «ауыр» жұмыста істеуге тыйым салынған. Біз бұрын жұмыстан әйел болғаны үшін қуылған көлік айдаушының хикаясын айтып бергенбіз. Оқи отырыңыз. 


Саяси, азаматтық, мәдени құқық не екенін де жазғанбыз.


07/09/2021 15:21 9565 0

07/09/2021
15:21 9565 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление