Есірткі сату, аккаунттарды бұзу: Қазақстанда даркнет қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда интернеттегі ресурстар мен әлеуметтік желілерді жаппай бұғаттау кері әсерін берді. Адамдар енді VPN қолдануды үйреніп, Даркнетпен таныса бастады.


27/07/2020
11:21 6628 0

 


 

DARKNET ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

 

Көптеген елдегідей Қазақстанда да бұғатталған DarkNet ұғымын ағылшын тілінен «Жасырын желі», «Қараңғы желі», «Көлеңкелі желі» немесе «Қараңғы веб» деп аударуға болады. DarkNet-ке қарапайым интернет-браузерлер арқылы кіру мүмкін емес, оған арнайы бағдарлама орнату қажет. Пайдаланушының анонимділігін (құпиялығын) сақтай отырып, Даркнетке кіруге мүмкіндік беретін ең танымал бағдарламалардың бірі — TOR (ағылшын тілінен. қысқартылған The Onion Router). Бұл да Қазақстанда бұғатталған.

 

TOR (The Onion Router) — мүмкіндігі зор overlay желі, бағдарлама әзірлеушілері жиі ескере бермейтін классикалық желілік протоколдар (TCP/IP). Шын мәнінде, Tor бұл арнайы бағдарламалық жасақтаманың көмегімен нақты орналасқан жерін, яғни геолокацияныжасыруға мүмкіндік беретін серверді құпиялау жүйесі. TOR желісі пайдаланушыларды ажырата алмайтындай әрі олардың жеке дерегін жинай алмайтындай етіп жасалған.

 

Көбіне «даркнет» терминін «дарквеб»  (ағылшын тілінен. dark web, «қараңғы веб») деп жатады. Darkweb — бұл World Wide Web-тің бір бөлігі, оған Оверлей желілері арқылы қол жеткізуге болады.

 

Кейде қолданушылар даркнетті (дарквеб) іздеу жүйелерін индекстемейтін «терең желі» (deep web) сияқты веб-беттермен шатастырады. Бұлардың басты айырмашалығы — даркнетке қарағанда терең желіге қол жеткізу үшін арнайы бағдарламаның қажеті жоқ. Желілердің даркнетке қарама-қайшы түрі көрінетін не жоғарғы желі деп аталады. Бұл іздеу жүйелері индекстей алатын, ашық, қол жетімді интернет бөлігі, күнделікті кеңінен қолданылып жүрген беткі қабаты. 

 

Дегенмен TOR сияқты бағдарламамен жұмыс істеу бәріне бірдей ыңғайлы емес, оның өзіндік шектеулері бар. Сондықтан кейбір даркнет ресурсы Telegram мессенжерін белсенді түрде пайдаланады, себебі әлеуметтік желінің бұл платформасы қазір ақырындап «қараңғы желіге» еніп барады. 

 

Бұл желіні көптеген адам мен ұйым әртүрлі мақсатта пайдаланады. Кейбірі қылмыс жоспарлап-үйлестіру үшін қолданса, кейбірі саяси цензураны айналып өтіп, саяси террор құрбандарына көмектесу үшін, ал басқалары жеке өмірінің қауіпсіздігіне алаңдамау ойымен пайдаланады.

 

 

 

САЯСАТ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ

 

Қазақстанда даркнет биліктің үкіметке қарсы наразылықты басып, сынды азайту үшін әлеуметтік желілер мен Youtube порталын бұғаттауынан соң танымал бола бастады. Десе де, бүкіл әлем бұған дейін қараңғы желіні қолданылып келді, қазір де қолданып жүр. Мәселен, есірткі бизнесі өкілдері даркнеттің пионерлері болып саналады. 

 

Еуразия цифрлық қорының өкілі Руслан Дайырбековтің айтуынша,  Қазақстанда есірткі сатып алушылар 80-90 % жағдайда орыс тіліндегі Халықаралық даркнет платформасы HYDRA-ны пайдаланады. Бұл платформада жалған құжаттарды, жалған валютаны, хакерлік қызметтерге қоса басқа да заңсыз заттар сатылады. 2019 жылы бұл ресурста 2,5 миллион аккаунт тіркелген.  HYDRA — наркологиялық қызметі, заң қызметі, өз ережелері мен заңдары, техникалық қолдауы бар үлкен жүйе.

 

Өз өнімдерін сатудан басқа, есірткі сатушылар жүйеде бос жұмыс орындарын ұсынып, курьерлер, жарнама салушылар мен таратушыларды, суретшілерді жалдайды.

 

АҚША АҒЫНЫ

 

www.ifkz.org жобасының маманы Елжан Қабышев Қазақстан жайлы быйлай дейді:

 

«Telegram: жексенбі күні кешке есірткіге қатысы бар үш чатта барлығы 29 мың хабарлама жазылып, онлайн 160 адам отырды, орташа чектің құны 5 мың мен 20 мың теңге арасында. Енді күніне сатылым конверсиясын шамалай беріңіз. 

 

DarkNet: нақты есептеу мүмкін емес. Бірақ HYDRA ресурсынан дүкенде жасалған келісімдер санын көре аласыз. Үлкен дүкендерде келісімдер саны 50 мыңнан асады, ал тауардың ең арзаны ҚҚС комиссиясыз, аударымдар, биткоинге айырбастауды есепке алмағанда 2 600 теңге тұрады. Осы деректерді ескере отырып, бір дүкенде шартты түрде шамамен 130 млн теңгеге келісімдер жасалды (50 мың келісім * 2 600 теңге, тапсырыстың ең төмен құны). Бұл — шамамен алған сомамыз.

 

Алматыда мұндай дүкен саны (Telegram-ды қоспағанда, тек HYDRA-да) 503-ке жуықтайды. Астанада — 345. Қалааралық дүкендер болуы мүмкін. Сонымен қатар Қазақстанның басқа қалаларында дүкендер бар».

 

 

 

ХАКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ

 

Қазақстанда азаматтардың жеке мәліметтері бар ұрланған деректер базасын саудалау — сұранысы айтарлықтай көп «сервис». Бұл үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 211-бабына сәйкес жеті жылға бас бостандығынан айырылуға болады. Сондықтан алаяқтар мұнымен тек Даркнетте айналысады. Даркнетте басқа адамдардың аккаунтын арнайы тапсырыспен бұзатындардың жарнамасы толып тұр. Қызмет бағасын әр адаммен жекелей келіседі, бірақ орташа есеппен алғанда құны 20 мың теңгеден басталады. Алайда мұндай жарнамалардың авторлары тапсырыс  берушіні «лақтырып» кетуі мүмкін. Бөтен пошта жәшіктері мен аккаунттарды бұзумен не құпия деректерді ұрлаумен айналысатын кәсіби мамандар көбіне жұмысына 150 мың теңге сұрауы мүмкін. Корпоратив пошта бұзудың орташа бағасы — 500 доллар.

 

Даркнетте шамамен мынадай хабарлама болуы мүмкін:

 

«Вконтакте-дегі» аккаунтты бұзу!!!

 

Vk.com сайтындағы аккаунтты бұзуға тапсырыс берсеңіз сіз:

* Пайдаланушының логині мен паролі

* Логин мен парольге үш апта кепілдік (егер пайдаланушы осы кезеңде құпиясөзді өзгертсе, қайта бұзу тегін) 

* Жеке дерегіңіз жасырын болады (бұған баса назар аударамыз, біздің команда үшін клиенттеріміздің қауіпсіздігі мен толық құпиялылығынан басқамаңызды ештеңе жоқ)

* Жылдам және сапалы нәтиже (біз уақыттың құнды екенін түсінеміз, сол себепті сіздің және өзіміздің уақытымызды бағалаймыз)

* Толық қауіпсіздік нұсқаулығы (ең толық және жүз пайыз түсінікті болатын қауіпсіздік туралы нұсқаулық)

 

Whatsapp-ты бұзуға тапсырыс беріңіз!!!

 

Бізбен жұмыс істей отырып, сіз:

Хабарламаларды мәтін түрінде аласыз.                                                          

*(Мұрағат-есептік жазба иесінің барлық, соның ішінде жойылған хабарламалар тарихы!)

Хабарламалар мен қоңырауларды бағыттау.

*(Бағыттау – бұзылған аккаунт иесіне келетін хабарламаларды онымен бірге бір уақытта оқи аласыз) Қоңырау шалу кезінде жауап бермеу керек!!!!

Бізбен жұмыс кезінде атыңызды құпия ұстаймыз

Нұсқаулық»       

 

 

----- SLIDER STARTS HERE -----
 
 
 
----- SLIDER ENDS HERE -----

                                 

МЕМЛЕКЕТ ЖАУАБЫ

 

 

Руслан Дайырбековтың айтуынша, Қазақстан Республикасында аноним және орталықтанбаған желілерге қол жеткізу бойынша мұндай технологияларды пайдалануға заңнама деңгейінде шектеу қойылмаған. Алайда қолданыстағы киберқауіпсіздік концепциясына («Қазақстанның Киберқалқаны») сәйкес, негізгі мәселенің біріне «ақпараттық қауіпсіздіктің дамыған қылмыстық-құқықтық институттарына қарамастан, жоғары технологиялық қылмыстар жасаған айыптыларды жауапкершілікке тарту бойынша құқық қорғау органдарының мүмкіндігі шектеулі» екенін айтуға болады. Былтыр елімізде байланыс операторларының техникалық шектеулерін айналып өтуге мүмкіндік беретін Torroject.org жобасының сайты бұғатталған еді.

 

 

ПАЙДАЛАНУШЫҒА ТӨНЕТІН «ҚАУІП»

 

Даркнеттің адамға беретін көптеген мүмкіндігімен қатар одан төнетін қауіп те аз емес.  Ifkz.org жобасының бағдарламашысы Ануар Омаров Даркнеттің өзінде пайдаланушылардың жеке деректеріне «аңшылық» жүріп жатқанын қатаң ескертеді.

Онда пайдаланушы толықтай құпиялана алады деген күнде де кейбір алгоритмді баптау кезінде кемшілік кетсе, жеке деректер
«сыр алдырып» қоюы мүмкін.  Прокси-сервер немесе VPN иесі «жасырынушы қолданушының» IP мекенжайы шифрланбаған жағдайда оларды көре алады. Бұл жеке бағдарламалық жасақтаманың көмегімен шифрланады, ал оны екінің бірі шифрлай алмайды. Адам аноним екеніне толықтай сенімді болса да, оның жеке деректері «дата сататын» базада жариялануы әбден мүмкін. Тиісінше оп-оңай бопсалау құрбанына айналасыз. Сондықтан ақпарат технологиялары мен оның ықтимал қатері жөнінде аз білетін я мүлдем хабарсыз  жай  адам «қараңғы желінің» тереңіне бойламас бұрын кемі «жеті рет ойлануы» керек.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

27/07/2020 11:21
6628 0

Уведомление