«Жылдың ең сұлу ер адамы»: Димаш Криштиану Роналду және Брэд Питтпен жарысады
Димаш Құдайберген әлемнің танымал өнер және спорт жұлдыздарымен бірге «2026 жылдың ең сұлу ер адамы» атағына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Masa media.
Netizens Choice Magazine журналы ұйымдастырған номинация үміткерлер қатарында актерлер Брэд Питт, Жейсон Момоа, Тимоте Шаламе, әнші Жастин Бибер және аты аңызға айналған футболшы Криштиану Роналду да бар.
Жеңімпаз жанкүйерлердің жауыс беруі арқылы анықталады. Азаматтар 2026 жылдың 30 мамырына дейін өз таңдауын жасай алады. Дауыс беру тәртібі журналдың ресми парақшасында жарияланған.

«2026 жылдың ең сұлу ер адамы» атанған азамат жайлы бейнеролик Times Square алаңындағы алып экрандарда көрсетіледі. Сондай-ақ жеңімпаздың суреті журнал мұқабасына шығады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әртістің таланты ғана емес, әлемдік деңгейдегі танымалдылығы да сынға түспек.
Еске салайық, жуырда Қытайдың Hunan TV телеарнасында Димаш атқарушы продюсер ретіндегі қатысқан «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық жобасы көрерменге жол тартты. Жобаның негізгі екі мақсаты бар: әлем жұртшылығын Қазақстанның мәдени кеңістігімен таныстыру және болашақта әлемдік деңгейде танылатын жаңа жұлдыздың үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік жасау.
12:18
65
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.