Жыл басталғалы бесінші өлім: Қазақстанда тағы бір сарбаз қаза тапты
Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қайтыс болды.
Оқиғаның мән-жайы
Бас прокуратура мәліметінше, 2026 жылғы 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
"Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды", - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етілген жоқ.
Қаңтардағы төрт өлім
Еске салайық, биылғы қаңтар айының өзінде Қазақстанда төрт сарбаз қаза тапты.
7 қаңтарда Шымкентте ҚР Ұлттық ұланының 6506-әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан 21 жасар сарбаздың жүрегі тоқтап қалды. Ресми түсініктеме бойынша өлімнің себебі - жедел лейкоз.
14 қаңтарда Ақтау горнизонында келісімшарт негізінде қызмет атқарған кіші сержантты әскери полигоннан бөлімшеге қайтып келе жатқан уақытында КамАЗ басып кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырды.
23 қаңтарда Өскемен гарнизонының бір әскери бөлімінде сарбаз қарауылдық қызмет атқару кезінде өз қаруынан оқ атып, алған жарақаттан көз жұмғаны хабарланды.
27 қаңтарда Жамбыл облысында қарумен жұмыс істеу кезінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды.
Кімдер жазаланды?
Бұдан бұрын Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, штаб бастығы және қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, әскери қызметші қаза тапқан әскери бөлімнің командирі, оның орынбасары, сондай-ақ батальон командирі атқарып отырған лауазымдарынан босатылғаны хабарланды.
16:49
25
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.