Жұп және тақ күн: Алматыда көліктердің жүрісі нөміріне қарай шектелуі мүмкін
Елде ауа райы қолайсыз күндері автокөліктердің қозғалысы «жұп және тақ күн» қағидаты бойынша шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Masa media.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, еліміздің 11 қаласында ауаның ластануының тұрақты жоғары деңгейі тіркелген. Олардың қатарында Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе қалалары бар.
Ластанудың едәуір үлесі шағын көздерге – автокөлікке, жеке секторға және шағын бизнес объектілеріне тиесілі. Мысалы, Алматыда шығарындылардың 60%-ы көлікке, ал 12%-дан астамы жеке үйлер мен шағын қазандықтарға тиесілі.
Бейжің тәжірибесі
Халықаралық тәжірибені енгізу мақсатында министрлік өкілдері Қытай барып, ауа сапасын басқарудың кешенді тәсілі енгізілген Бейжің тәжірибесімен танысқан. Онда ауаның сапасын жақсарту үшін көлік электр қуатына көшірілген. Сонымен қатар автокөліктерге қойылатын талаптар күшейтілген және экологиялық аймақтар құрылған.
Ведомство әкімдіктерге 2026-2028 жылдарға арналған атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын әзірлеуді тапсырды.
Алматы әкімдігінің ұсынысы
Алматы қаласының әкімдігі әзірлеген атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жобасында мынадай шаралар көзделген:
- субсидиялау және ынталандыру шараларымен жеке секторды газдандыру;
- қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде және шағын қазандықтарда қатты отынды пайдалануға тыйым салу;
- объектілерді орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосуды ынталандыру;
- қоғамдық көлік пен таксидің электр тартқышы мен газға ауысуы;
- "Жұп-Тақ күн" жүйесі бойынша ҰМУ-дағы қозғалысты шектеу және экологиялық аймақтарға бөлуді жүргізу.
Ұсыныстардың ішінде жүргізушілерді елең еткізгені – ауа райының қолайсыз күндерінде көлік қозғалысын «жұп және тақ күн» тәртібімен уақытша шектеу. Яғни мемлекеттік нөмірі жұп санмен аяқталатын көліктер тек жұп күндері, ал тақ санмен аяқталатын көліктер тақ күндері ғана жүре алады. Мамандар бұл шара ауаның ластануын азайтуға ықпал етуі мүмкін деп есептейді.
20:42
195
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.