ЖИ түлектерді жұмыссыз қалдырып жатыр – Сингапур президенті
Жасанды интеллектінің дамуы жоғары оқу орындарын бітірген жастардың еңбек жолын бастауын қиындатуы мүмкін. Сингапур президенті түрлі елдердің үкіметтерін бұл мәселеге тезірек шешім табуға шақырды.
Reuters агенттігінің жазуынша, Шанмугаратнам бұл мәселені Бангкокте өтіп жатқан Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы кездесулерінде көтерді. Оның айтуынша, еңбек нарығында тәжірибесі аз мамандарға деген сұраныс қазірдің өзінде төмендеп келеді. Бұл әсіресе жасанды интеллект кеңінен енгізіліп жатқан салаларда байқалады.
«Еңбек жолындағы алғашқы баспалдақ, яғни оқу бітіргеннен кейінгі алғашқы жұмыс орнына сұраныс азайды», - деді Сингапур президенті.
Ол жасанды интеллектінің еңбек нарығына ықпалы қазірдің өзінде сезіліп жатқанын атап өтті. Өзгерістер ең алдымен бұрын жаңадан жұмысқа тұрған мамандар атқаратын міндеттердің бір бөлігін технологиялар орындай алатын кәсіптер мен салаларға әсер етіп отыр.
Шанмугаратнам автоматтандырудың жаһандық салдарына да назар аударды. Оның пікірінше, дамушы елдер жасанды интеллектіні енгізуге дайындық жағынан дамыған мемлекеттерден артта қалса, халықаралық қауымдастық олардың арасындағы экономикалық алшақтықтың одан әрі ұлғаюына жол бермеуі керек.
фото: Reuters
11:37
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.