«Желіде пікір таластырып отырады»: Тоқаев қай компанияның басшысына шүйлікті

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент ұлттық компаниялар басшыларының жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеді.


10/02/2026
14:34 360 0

Қосшыдан басшы көп

 

Президенттің сөзінше, «Бәйтерек» инвестициялық холдинг ретінде қайта құрылды. Мұндай қадамның нақты себебі болған. Холдинг нарықтық экономикаға серпін беруде, бірақ бұл қадам жеке бастамаларды шектемеуге тиіс.

 

Президент дәл осындай талап «Самұрық-Қазына» қоры мен ұлттық компанияларға да қойылатынын айтты.

 

«Самұрық-Қазына» қоры және ұлттық компаниялардың басшыларымен қатаң әңгіме болды. Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей «Сол жағалаудың» адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды», – деп ескертті Тоқаев.

 

Үкімет пен әкімдерге ескерту

 

Сондай-ақ, Тоқаев мемлекеттің тиімсіз шығындарын қысқарту үшін қолданыстағы барлық бюджет бағдарламаcын толық қайта қарау қажеттігін атап өтті. Бұл бағытта Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне нақты міндет жүктелді. Президент бұл жұмысты созбалаңға салмауды, қатаңдық пен табандылық танытуды талап етті.

 

«Бюджет қаржысын игерудің қазіргі критерийінен бас тартып, мемлекеттік инвестицияның тиімділігін басқаруды күшейткеніміз дұрыс. Үкімет пен әкімдер бюджеттің игерілмей қалуынан қауіптеніп, жобаларға қаржы бөлу тәжірибесін доғаратын кез келді. Ең сорақысы, мұндай шешімдер субъективті түрде қабылданып, қаржы таңдаулыларға ғана беріледі. Тоқетері, әркім өз білгенін жасағанды қою керек», – деп ескерту жасады президент.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

10/02/2026 14:34
360 0

Уведомление