Жаһандық Forbes тізіміне тағы екі қазақ қосылды
Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең дәулетті бизнесмендерінің тізімі екі қазақстандық кәсіпкермен толықты, деп хабарлайды Masa media.
Смағұлов пен Рахымбаевтың дәулеті
Тізімге алғаш рет дәулеті 1 миллиард доллардан асқан кәсіпкерлер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев еніп отыр. Forbes бағалауы бойынша Смағұловтың байлығы 1,3 млрд долларды құрайды, ол әлемдік тізімде 2858-орында. Ал Рахымбаевтың дәулеті 1,1 млрд долларға бағаланған. Ол рейтингтің 3185-сатысында тұр.
Нұрлан Смағұлов – Аstana Group президенті, MEGA сауда-ойын-сауық орталықтары желісінің негізін қалаушы және иесі.
Ал Айдын Рахымбаев – Қазақстандағы ең ірі девелоперлік компаниялардың бірі – BI Group холдингінің негізін қалаушы әрі басшысы.
Қазақстанның ең бай бизнесмендері
Forbes жаһандық тізімінде Қазақстанның өзге де дәулетті бизнесмендері бар. Еліміздің ең бай азаматы – Вячеслав Ким 7,8 млрд доллар дәулетімен рейтингтің 477-сатысына жайғасқан. Ал байлығы 5,9 млрд долларға бағаланған Владимир Ким 712-орында. Тимур және Динара Құлыбаевтардың әрқайсы 5,4 млрд доллар дәулетімен 780-орыннан көрінді. Forbes Болат Өтемұратовтың да жиған-тергенін 5,4 млрд долларға бағалаған. Ал Тимур Турлов 5,2 млрд доллар байлығымен 823-орында тұр.
Жалпы алғанда, Forbes-тің 2026 жылғы әлемдік рейтингінде байлығы 1 миллиард доллардан асатын 3400-ден астам адам бар.
21:11
90
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.