Жаңа iPhone-ды тіркеу жыры: IMEI туралы не білу керек?

Қазақстанда шетелден әкелінген телефонды тіркеу жеңілдеді. Енді IMEI-ді растау кезінде қосымша құжаттарды өзіңіз жинаудың қажеті жоқ. Жүйе шекарадан өту туралы мәліметтерді қоса алғанда, қажетті ақпаратты автоматты түрде тексереді.


12/10/2026
11:50 0

IMEI деген не және ол не үшін керек?

 

IMEI (International Mobile Equipment Identity) - бұл ұялы байланыс модулі бар кез келген құрылғыға берілетін бірегей 15 таңбалы код. Яғни смартфон, планшет, байланысы бар ноутбук, Wi-Fi роутер, GPS-трекер - бәрінің өз IMEI-і бар. Ол құрылғының өндірушісін, моделін және шыққан елін анықтауға мүмкіндік береді.

 

IMEI-ді орталықтан бақылаудың мақсаты - заңсыз айналымды қысқарту, құрылғының түпнұсқа екенін растау және ұрлық жағдайында оны блоктауға мүмкіндік беру.

 

Қысқасы, мобильді желі қызметтері үздіксіз жұмыс істеуі үшін құрылғы үш талапқа сай болуы керек:

 

  • IMEI-коды түпнұсқа болуы;
  • құрылғы заңды түрде сатып алынған болуы;
  • Казақстанға заңды жолмен әкелінген болуы.
  • Осы үшеуі түгел болса ғана құрылғы еш қиындықсыз желіге қосылып, қызмет көрсете береді.

IMEI-ді кімдер растауы керек?

 

Бұған дейін телефонның елге заңды түрде әкелінгенін растау үшін өтініш берушілер басқа ресурстардан қосымша мәліметтерді өздері алуға мәжбүр болатын. Енді қажетті ақпарат мемлекеттік дерекқорлардан тікелей алынады.

 

 IMEI-ді растау рәсімі, ең алдымен, смартфонды шетелден өздері сатып алып, Қазақстанға алып келетін азаматтарға қатысты. Бұл талап мобильді құрылғыларды импорттаушыларға да қойылады.

 

Қазақстанда IMEI-ді тексерудің жаңа тәртібі 2025 жылғы 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді. Осы күнге дейін Қазақстанның ұялы байланыс желілерінде пайдаланылып, тіркелген телефондарды қайта растаудың қажеті жоқ.

 

Егер жаңа телефон «сұр тізімге» енгізілсе, оның елге заңды түрде әкелінгенін растау үшін 30 күн беріледі. Осы мерзімде тексеруден өтпеген құрылғы Қазақстанның ұялы байланыс желілерінен ажыратылуы мүмкін.

 

eGov Mobile арқылы IMEI-ді қалай растаймыз?

 

Өтінішті eGov Mobile мобильді қосымшасы немесе portal.imei.gov.kz порталы арқылы беруге болады.

 

eGov Mobile қосымшасында «Танымал қызметтер» бөліміне кіріп, «IMEI растауға өтінім» қызметін таңдау керек. Содан кейін дербес деректерді өңдеуге келісім беріп, Digital ID арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту қажет. Одан соң өтінім беру шарттарымен танысып, өзіңізге сәйкес өтінім түрін таңдайсыз.

 

Жеке басты растау үшін бейне сәйкестендіру рәсімі қарастырылған.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

12/10/2026 11:50
0

Уведомление