YouTube-тағы саясат, тарих және қоғам туралы он канал

Ненің не екенін түсіндіретін қызық әрі пайдалы видеолар


29/07/2020
11:03 40701 0

Қазір YouTube біздің жаңа теледидарымызға айналды. Бір жақсысы — енді адамдар не қарайтынын өзі таңдай алады. Бірақ онда видеолардың түр-түрі бар. Олардың арасынан қызығы мен пайдалысын қалай тапсақ болады?

 

Біз сіздер үшін маңызды тақырыптарға — саясат, қоғам мен тарихқа — қатысты он YouTube каналының тізімін жасадық. Оларды көріп, ненің не екенін түсініп, уақытыңызды құр өткізбеңіз.

 


 

ПостНаука

 

Қазіргі ғылым мен оны жасаушылар туралы жобаның каналы. Философиядан бастап саясат, математика мен астрономия жайлы танымды, қызық лекциялар бар. Одан сіз 10–15 минуттық қысқа видеолармен қатар 1–2 сағаттық туындыларды қарай аласыз. 

 

 

Открытый Университет

 

Азаматтық білім, экономика, саясаттану мен әлеуметтану туралы канал. «Жизнь по понятиям. Основы гражданского знания» деген курсын өтуге кеңес береміз. Онда демократия, идеология, құқық, мемлекет құрылымы, тарих, экономика, қоғам мен мәдениетке арналған алты блок бар. Бағдарламалары университеттегідей, бірақ түсінуге оңай. Лекциялар ұзақтығы — 15–20 минут. 

 

 

Открытая Библиотека

 

Ашық университеттен кейін ашық кітапханаға барамыз :) Бұл каналдардың бір-біріне қатысы жоқ болғанымен, бір-бірін жақсы толықтырады. «Ашық Кітапхана» — қоғамдық және мәдени жоба. Онда үнемі саясат, қазіргі мәдениет, өнер, әдебиет және тағы басқасы туралы сұхбаттар, фестивальдер, пікірталастар өтіп тұрады. 

 

 

Arzamas

 

Ағартушы жоба. Гуманитар ғылымдарға арналған. Видеолар әр түрлі тақырып туралы курстарға бөлінген. Сонымен қатар сіз каналдан 10–20 минутта тарихты түсіндіріп беретін видеоларды көре аласыз. Мысалы, Ежелгі Рим не Грекия. 

 

 

Екатерина Шульман

 

Саясаттанушы Екатерина Шульманның каналы. Оның видеолары — үйінде отырып түсірген әңгімелері мен өзі қатысқан лекциялар мен бағдарламалар видеосы. Екатерина өзекті тақырыптарды қарапайым тілде, әзілмен жеткізіп, көкейкесті мәселелерді талдайды. 

 

 

inliberty

 

Ағартушы жоба. Қоғам болашағын, оның тарихы мен қазір көз алдымызда болып жатқан өзгерістерін талқылауға арналған пікірталас алаңы. inliberty экономикатанушылар, саясаттанушылар мен әлеуметтанушыларды шақырып, олардың пікірін тыңдайды. Өте қызық. Қөріңіздер.  

 

 

Redroom

 

Тарих туралы канал. Авторы қызық әрі түсінікті тілде қазіргі мемлекеттердің қалай пайда болғанын, неге соғыстар болатынын, ұлы адамдардың өмірбаянын айтып береді. 

 

 

Обществознание без цензуры

 

Каналды мұғалім Артем Русакович жүргізеді. Басында автор видеоларды әлеуметтанудан емтихандарға дайындалып жүрген оқушыларға арнап түсірген-ді. Қазір оларды пайдалы әрі қызық болғасын үлкендер де көріп жүр. 

 

 

The School of Life

 

Қалай өмір сүру керек туралы ағылшынша канал. Қысқа анимацияланған видеолар өмірдің бар саласын — махаббат пен психологиядан бастап философия — қамтиды.  

 

 

The Take

 

Поп мәдениет, кино, сериалдарды әлеуметтегі мәселелермен байланыстырып талдайтын канал.

 

 


 

Иллюстрация: Анар Бакенова

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

29/07/2020 11:03
40701 0

Уведомление