Voice Beyond Horizon: Димаштың жобасы әлемге Күлтөбе мен Отырарды таныстырады
Voice Beyond Horizon халықаралық жобасының екінші шығарылымында шетелдік көрермен назарына Түркістан облысының туристік нысандарын ұсынады.
Түркістанның жауһарлары
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 6 елден жиналған орындаушылардың шығармашылық сапары өңірдің маңызды бағыттарын қамтиды. Шетелдік көрермендер Ұлы Жібек жолының мәдени және сауда орталығы болған Күлтөбе қалашығын тамашалай алады. Жоба қатысушылары үшін көне өркениеттердің бірегей ескерткіші – Отырар қалашығы шабыт көзіне айналады.
Туристер арасында танымал орындардың бірі «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде қазақ халқының дәстүрлері, салт-дәстүрлері мен мәдениеті таныстырылады. Бұл шығарылымда қазылар алқасында болатын «Грэмми» сыйлығының екі дүркін лауреаты Уолтер Афанасьефф өткен жылы түсірілімдерге қатысу үшін Түркістанға арнайы келген.
Бірегей жоба
Димаш Құдайберген өз жобасын әлем назарына Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесе ұсынып отыр. Түсірілім еліміздің 6 өңірін қамтыды. Бұл жоба әртүрлі елдердің шығармашылық орындаушыларын біріктіріп қана қоймай, Қазақстанның туристік әлеуетін миллиардтаған көрерменге таныстырады. Hunan TV телеарнасының аудиториясы 1,9 миллиардтан асады. Жоба Mango TV цифрлық платформасында да көрсетіледі.
10:22
206
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.