Трамп АҚШ құрамына қосылатын үш «жаңа штат» туралы айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия, Канада және Венесуэланы АҚШ құрамына қосу туралы әзілдеді.


02/02/2026
09:42 349 0

The Washington Post басылымының жазуынша, Вашингтонда өткен Alfalfa Club элиталық кешкі асында Ақ үй басшысы Гренландияны АҚШ-тың 51-штаты етуді жоспарламағанын айтты.

 

«Гренландияны 51-штат етуді ойлаған емеспін. Канаданы 51-штат еткім келеді. Гренландия 52-штат болады. Ал Венесуэла 53-штат болуы мүмкін», – деді ол.

 

Басылым Трамп мұны әзіл ретінде айтқанын атап өтті.

 

АҚШ президенті аралды «басып алу» жоспарында жоғын, керісінше оны сатып алуға ниетті екенін айтты.

 

Сондай-ақ президент салтанатты жиында Ақ үйде бал залының салынғанын, биыл футболдан әлем чемпионатының және 2028 жылы жазғы Олимпиада ойындарының өтетінін ауыз толтырып айтты. Көптеген әзілдерді залдағы адамдар салқын қабылдаған.

 

Айта кетейік, Alfalfa Club –жыл сайын қаңтардың соңғы сенбісінде Вашингтон қаласындағы (Колумбия округі) «Капитал Хилтон» қонақүйінде қатаң дресс-кодпен өтетін банкет ұйымдастыру үшін ғана құрылған әлеуметтік клуб.

Клубтың шамамен 200 мүшесі бар, олардың бәрі ықпалды саясаткерлер мен ірі бизнесмендер.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

02/02/2026 09:42
349 0

Уведомление