Тоқаевтың жаңа кеңесшісі тағайындалды

Әсет Ерғалиев президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.


02/02/2026
18:21 336 0

Жарлық

 

«Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Ерғалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

 

Экс-министр

 

Ерғалиев 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Ұлттық экономика министрі болды. Содан кейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

 

2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың ақпанына дейін Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болды.

 

Бір жыл бұрын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалған.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

02/02/2026 18:21
336 0

Уведомление