Тергеу жүріп жатқан шақ: Air Astana аяқ астынан FlyArystan-ның басшысын ауыстырды
1 наурыздан бастап FlyArystan компаниясының президенті қызметін Йохан Эйдхаген атқарады, деп хабарлайды Masa media.
Жаңа басшының тағайындалуы жөнінде Air Astana компаниялар тобы мәлімдеді. Бұған дейін лоукостерді Ричард Леджер басқарған. Ол компаниялар тобында қалады, бірақ басқа бағытқа ауыспақ.
Йохан Эйдхаген деген кім
Йохан Эйдхаген – лоукостерлер индустриясындағы тәжірибелі топ-менеджерлердің бірі. Соңғы уақытта ол Абу-Даби қаласында Wizz Air компаниясының басқарушы директоры болды. Wizz Air құрамында кадрлар және ESG жөніндегі атқарушы директор, сонымен қатар, маркетинг бойынша атқарушы директор лауазымдарын иеленген.
Wizz Air-ге келгенге дейін шамамен 15 жыл бойы Nokia компаниясында әртүрлі елде басшылық қызметтер атқарды.
Компаниядағылар не дейді
Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер әріптесінің тәжірибесі туралы айта кетті.
– Йоханның Wizz Air компаниясындағы кадрларды басқару, ESG және маркетинг салаларындағы басшылық қызметтерде жинақтаған көпжылдық тәжірибесі мен бюджеттік әуе компанияларының бизнес-моделі туралы терең түсінігі FlyArystan-ның жоғары өсу әлеуетін толық іске асыруына жол ашады. Технологиялық инновациялар FlyArystan үшін әрдайым қызмет сапасын арттырудың, баға мен жайлылық арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың негізгі элементі болып келді. Йоханның жетекшілігімен бұл бағыт жаңа серпін алып, FlyArystan өңірде және одан тыс өз позициясын нығайта түсетініне сенім мол, – деді ол.
Айта кетейік, жуырда Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті FlyArystan әуе компаниясына қатысты тергеу жүргізе бастаған. Бұған жолаушылардың қол жүгінің артық салмағына қатысты бірыңғай төлем саясаты себеп болған
16:09
29
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.