Таяу Шығыстан Қазақстанның қанша азаматы қайтарылды
ҚР СІМ эвакуация жұмыстарының аралық нәтижесін баяндады.
Қазақстандық дипломаттар құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
СІМ мәліметінше, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды.
«Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста», - делінген хабарламада.
Осыған дейін наурыздың 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыстан елге 1 786 жолаушы жеткізілгені туралы хабарланған.
Айта кетейік, бұдан бұрын ресейлік туристер қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялау жұмыстарының жүйелілігі мен жылдамдығына таңданыстарын білдірген.
Сондай-ақ, Masa media редакциясы Парсы шығанағы елдеріндегі мазасыздық Қазақстан азаматтарының отаншылдық сезіміне қалай әсер еткені жайлы жазған.
13:25
58
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.