Тағы бір ел шетел агенттері туралы заң қабылдағалы жатыр  

Чехияда «Шетелдік байланыстары бар субъектілерді тіркеу» деп аталатын жаңа заң жобасы қабылдануы мүмкін.


19/03/2026
09:56 106 0

Страна.ua басылымының жазуынша, заң жобасы ЕО қорлары немесе басқа мемлекеттерден грант алатын барлық ұйымдарды, соның ішінде мемлекеттік мекемелерді арнайы дерекқорда тіркелуге міндеттейді.

 

Алайда оппозиция мен үкіметтік емес ұйымдар заң жобасының дайындалуын тоқтатуды талап етуде. Либералдық Чешская пиратская партия бұл заңды Ресей заңының көшірмесі деп атаған.

 

Осыған ұқсас заңдар бұған дейін АҚШ, Ресей және Грузияда қабылданған. Мысалы, Грузияда заң қабылданған соң ЕО елдің одаққа кіруін тоқтатып, Тбилисиге қорғаныс саласында бөлінетін 30 миллион еуроны бермей қойған. Грузия азаматтары да бірнеше рет парламент алдында наразылық митингілерін өткізген.

 

Шетел агенттері туралы заңды былтыр сәуірде Қырғызстан да қабылдаған. Бұл мәселе бойынша бұрынғы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен президент Садыр Жапаровқа хат жолдаған.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

19/03/2026 09:56
106 0

Уведомление