Стефани Майердің әйгілі романы қазақ тілінде жарық көрді
Стефани Майердің әлемге танымал «Twilight» атты романы қазақ тілінде оқырманға жол тартты.
Қазақ тіліндегі кітап 448 беттен тұрады, қатты мұқабамен басылған. Шығарманы Айтуған Жылқыбай аударған. «Фолиант» баспасы басып шығарған кітап 16 жастан асқан оқырмандарға арналған.

Роман алғаш рет 2005 жылы жарық көріп, хикаялар топтамасының алғашқы кітабына айналды. Шығармада мектеп оқушысы Белла Свонның оқиғасы баяндалады. Ол әкесінің қасына көшіп барып, Форкс атты шағын қалада өмір сүре бастайды. Сол жерде жұмбақ мінезді сыныптасы Эдвард Калленмен танысады. Кейін оның вампир екенін біледі. Екеуінің арасындағы сезім бірте-бірте романтика мен қауіп-қатер, отбасылық құпиялар және тылсым күш иелерінің тартысы астасқан оқиғаға ұласады.
10:13
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.