Стамбұлдың бұрынғы мэрі 2352 жылға сотталуы мүмкін
Стамбұл қаласының соты түрік мегаполисінің бұрынғы мэрі Экрема Имамоғлуға қатысты жемқорлық ісін қарауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Masa media.
Сот талқылауы қалай өтті?
Sözcü телеарнасының мәліметінше, сот талқылауы Имамоғлу мен судья арасындағы пікірталастан басталған. Стамбұлдың бұрынғы мэрі сот процесінің басында сөз сөйлеуге рұқсат беруді сұраған, алайда судья бұл өтінішті қабылдамаған. Бұған жауап ретінде Имамоғлу мен оның адвокаттары қарсылық білдірген соң, судья сот отырысында үзіліс жариялаған.
Отырыс қайта басталғаннан кейін айыпталушылардың адвокаттары судьяны істен шеттету туралы талап қойды. Олардың айтуынша, судья процессуалдық нормаларды бұзған. Атап айтқанда, ол сот процесінің басында айыптың мәнін оқып бермеген және қатысушылардың жеке басын тексермеген.
4 мың беттік айыптау актісі
Іс бойынша айыпталушылар орнында 105 адам отыр, олардың арасында Имамоғлу да бар. Барлығы өткен жылдың наурыз айынан бері қамауда отыр. Іс бойынша 402 адам куәгер ретінде өтуде. Стамбұл мэриясындағы жемқорлыққа қатысты айыптау актісі шамамен төрт мың беттен тұрады.
Имамоғлу қылмыстық ұйым құрды, пара алды, қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастырды, алаяқтық жасады, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша дәлелдерді жасыру және тендер өткізу кезінде сөз байласу сияқты бірқатар құқықбұзушылықтарға қатысты деп айыпталып отыр. Жалпы алғанда, оған 2352 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Стамбұлдың бас прокуратурасы Имамоғлудың ұсталғанын 2025 жылғы 19 наурызда хабарлады. Ал оппозициялық саясаткер биліктің қысымына қарамастан «берілмейтінін» мәлімдеді. Ол ұсталғаннан кейін қала көшелерінде жаппай наразылық акциялары өтті.
00:16
29
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.