Шымкенттегі жастар орталығында ”лайк баспаған” қызметкерлер қысымға ұшырады

Бұл туралы 16 сәуірде Азат Дидарбек есімді Facebook қолданушысы жазды.


18/04/2025
12:53 73 0

Коллаж Masamedia.kz

 

Пост тақырыбы “ЛАЙК БАСПАСАҢ ҚЫСЫМ КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ” деп аталады. 

 

Азат Дидарбек қала әкімі Ғабит Сыздықбековтен, қалалық Ішкі саясат басқармасы басшысынан және “Amanat” партиясынан араша сұраған. 

 

“Шымкент қалалық “Жастар ресурстық орталығында” береке қашты. Жастар орталығы өзінің ішіндегі қызметкерлерін қудалап, лайк баспаса, қысымға алып, ескерту жасап жатқаны жайлы қызметкерлер редакциямызға шығып жатыр. Жастар орталығы қаламыздың жастар мәселесін шешеді дегенге сеніңкіремейтін едік, енді лайк басқан-баспаған қызметкерлерін тізіп, тексеріп, өздері хатта жазғандай тырнақша ішіндегі “ескерту” жасап, жұмыс жасауына кедергі келтіріп жүрсе, оңбайды…”, - делінген мәтінде. 

 

Оған қоса, осындай қысымға ұшыраған орталықтың бір қызметкері талып қалғаны айтылады. Ол жедел-жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған. 

 

 

Постта бірнеше фото айғақ жарияланған. Шағымданушының сөзінше, “лайк баспағандар” ЕСКЕРТУ түрінде тәртіптіп жазаға тартылған. 

 

 

Бұдан бөлек, суреттен мекемеде ЛАЙК БАСПАҒАНДАРДЫҢ арнайы тізімі жасалатынын көруге болады. 

 

 

“Жастар ресурстық орталығы” деген не?

 

Мекеменің ресми сайтында ұйым 2012 жылы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ретінде құрылғанын, кейін Жастар ресурстық орталығына айналғанын көруге болады. 

 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының үйлестірушісі Президент Әкімшілігі. 

 

“Жастар ресурстық орталығы немесе ЖРО – жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін ұйым”, - делінген мекеменің ресми сайтында.

 

 

Және де Қазақстанда 231 “Жастар ресурстық орталығы” бар екені көрсетілген.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

18/04/2025 12:53
73 0

Уведомление