Шайдоров халықаралық сыйлыққа үміткерлер қатарына енді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров халықаралық ISU Skating Awards сыйлығына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Masa media.
Sports.kz-тің жазуынша, дауыс беру төрт номинация бойынша өтеді: «Ең үздік костюм», «Ең үздік шоу-бағдарлама», «Ең үздік хореограф» және «Ең үздік жаттықтырушы».
Италияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров «Ең үздік костюм» номинациясы бойынша үміткерлер тізіміне енгізілді. Спортшының 2026 жылғы Олимпиададағы еркін бағдарламада өнер көрсеткен костюмі сынға түспек.
«Әзірге бұл – ұзын тізім. Жанкүйерлердің дауыс беруі 18 наурызға дейін жалғасады. Соның қорытындысы бойынша әр санатта үш үміткерден ғана қалады. Жеңімпаздар 29 наурыз күні Прагада өтетін әлем чемпионатының банкетінде жарияланады», – деп жазды басылым.
Оның басты бәсекелестері қатарында америкалық Илья Малинин, эстониялық мәнерлеп сырғанаушы Александр Селевко, жапониялық Каори Сакамото және басқа да спортшылар бар.
Еске салайық, Михаил Шайдоров Италия Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанды. Бұл – Қазақстанның 32 жыл күткен алтыны. 1994 жылдан кейін ел спортшылары ақ Олимпиадада чемпион атанбаған.
фото: ҰОК
07:43
112
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.