Серік Сәпиевке су жаңа екі қызмет бұйырды

Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.


03/02/2026
14:13 288 0

Сондай-ақ ол жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі қызметін атқармақ.

 

«Бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды», – деп түсіндірді министрлік.

 

Әкімдіктегі қызмет

 

Қарағанды облысы әкімдігі бұдан бұрын дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылғанын хабарлаған.

 

 Шенеуніктердің төбелесі

 

Еске салсақ, 21 қаңтар күні Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев соққыға жығылды деген ақпарат тараған. Кейіннен Сәпиевке дене жарақатын оның орынбасары Дәурен Есімханов салғаны белгілі болды. Полиция оның үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді.

 

 – 42 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған, – деді полицейлер.

 

Кейіннен екі тарап та жанжалдың толық шешілгенін айтып, барлық жұмыс мәселелері қызметтік тәртіп аясында реттелгенін хабарлаған. Алайда осы оқиғаны желіде қызу талқылаған қазақстандықтар шенеуніктердің әрі қарай мемлекеттік органда қызмет етуге моральдық құқығы жоқ екенін жарыса жазды.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

03/02/2026 14:13
288 0

Уведомление